Шоу-бизнес

  • «МузАрт» тобы екі бірдей жаңа бейнебаян ұсынбақ

    Бірнеше жылдардан бері «МузАрт» тобы өздерінің керемет әндерімен тыңдаушыларының көңілінен шығып, қуантып келеді. Таяуда жігіттер жаңа бейнебаян ұсынып, тыңдаушыларын тағы да қуантпақшы. Жақында «МузАрт» тобының жігіттері екі бірдей жаңа әнге бейнебаян түсірді. Бізге белгілісі, біріншісі «Жеңеше» атты әніне түсірілген. Ал екінші әннің атын жігіттер қатаң құпия түрде сақтауда. Сондай-ақ, «МузАрт» тобы екі...

  • Мөлдір Әуелбекова енді жеке шығармашылығымен өзі айналысады

    Бәрімізге белгілi арнайы сайтымызға берген сұхбатында Баян Есентаева: «Енді ешқашан Мөлдір Әуелбековамен жұмыс істемеймін және еш уақытта жұмыс істемейтін боламын», — деп мәлімдеген болатын. Ал жақында ғана Баян Есентаеваның продюсерлігінен біржолата кеткен Мөлдір қазір бірден жаңа әндер жазуға кірісіп кетті. Енді әнші жеке шығармашылығын әрі қарай өзі жалғастырады.

  • «Заман» тобы неліктен Ұлықпан Жолдасовтан кеткелі жатыр?

    «Заман» тобы өз продюсерлері Ұлықпан Жолдасовтан кетуі мүмкін. Бұл жөнінде Ұлықпан жігіттерге ақ батасын беріп, шығармашылық еркіндік бергелі отыр деген әңгіме бар. Тіпті, жаңа топ құруды көздеп, оған жігіттерді де таңдап қойған көрінеді. Ал, белгілі «Каспий» тобы ресми түрде жұмысын тоқтатты. Бұған дейін топтың құрамында Әсет Масабаев, Әділ Сламхан, Ақылбек Жеменей, Мұрат...

  • Жартылай финалдың нәтижесі белгілі болды

    «Turkvision-2014» байқауының жартылай финалынан Жанар Дұғалова үздік өнер көрсетіп, финалға өтті. Жартылай финалдың нәтижесі бойынша Жанар 3-орында тұр.  Бұл жайында Баян Есентаева өзінің Instagram-дағы парақшасында жария етті. instagram: @yessentayeva_official — сурет instagram: @yessentayeva_official — видео

  • Дәл қазір «Turkvision — 2014» байқауы өтуде

    Дәл қазір Татарстанда, яғни Түркі әлемінің мәдени астанасы — Қазан қаласында «Turkvision — 2014» байқаудың жартылай финалы өтіп жатыр. Түркі әлемінің музыка майталмандарымен бақ сынап , еліміздің намысын Жанар Дұғалова қорғауда . Сондай-ақ Қазақстаннан Астана қаласының Мәдениет басқармасының бастығы Болат Мажағұлов қазылар алқасының құрамында екен . Фото авторы : Еркін Шакірұлы

  • Жанар Дұғалова «TURKVISION-2014» байқауын ашады

    Қазақстандық әнші Жанар Дұғалова 19-21 қарашада Қазанда өтетін «Turkvision-2014» байқауын ашады. Бұл туралы белгілі продюссер Динара Адам Instagram-дағы өз парақшасында хабарлады. «Жанар Дұғалова жартылай финалға жеребеден бір санын суырды. Алғашқы болып сахнаға шығады. Мұнда 25 елден қатысушылар бар. Бірінші шығатынын жақсы ырымға балаймын», — деп жазды Д. Адам. Бұдан бұрын хабарланғандай, Жанар...

  • Баян Есентаева: «Айдана тұрмысқа шыққалы жатыр»

    19-қараша күні Қазан қаласында «Түрквижн 2014» Халықаралық ән байқауының жартылай финалы өтеді. Байқауға Қазақстанның атынан әнші Жанар Дұғалова қатысады. Жанар қазір музыкалық продюсері Бағым Мухитденовамен бірге Қазан қаласында дайындықта. Ал, әншінің продюсері Баян Есентаева бұл уақытта «Хабар» арнасынан көрсетілетін «Жұлдызды доданың» түсірілімінде жүр. Түсірілім аяқтала салысымен Алматы Халықаралық әуежайынан Қазан қаласына ұшады....

  • «Сезім» атты жаңа бейнебаянның презентациясы өтті

    18-қараша күні  Қазақстанның  Халық  әртістері  Роза Рымбаева  мен  қобызшы  Ғазиза Ғабдірахимованың  «Сезім» атты  тамаша  әніне  түсірілген  бейнебаянның  презентациясы  өтті.  Бейнебаянның  режиссері  Ернар  Нұрғалиев. Оте әдемі әнге түсірілген керемет бейнебаянының тұсаукесерінен көрініс!) Маған қатты ұнады  

  • Мадина Сәдуақасова әлеуметтік желіде отыра ма?

    Мадина Сәдуақасова Алматыға қоныс аударды. Әнші тұңғыш баласын Астанада дүниеге әкеліп, демалыс жариялаған болатын. Қазір демалыстан шығып, жұмысқа қайта толықтай кірісті. Айтпақшы, қазір әлеуметтік желілердегі Мадинаның атында қаптап жүрген парақшалардың ешқайсысы әншінікі емес екен. Бұл туралы толық ақпарат алу үшін Мадинаның өзіне хабарласқанымызда, оның атындағы парақшалардың бәрі өтірік екенін және әзірге әлеуметтік...

  • Серік Ибрагимов жаңа бейнебаян шығарады

    «Вокзалда қауышқан қыз» атты әнімен танымал болған әнші Серік Ибрагимов жуырда кезекті жаңа бейнебаянын  түсіргелі  отыр. Бейнебаян «Turkvision 2014» байқауының iрiктеу турында тұсауын кескен «Жаяу» атты әнiне түсірілмек. Бейнебаянды украиналық режиссерлер түсіреді. Түсірілімге кететін қаржы 33 мың долларды құрайды. Әншінің «Turkvision 2014» байқауының iрiктеу турында орындалған  «Жаяу» әнiн назарларыңызға ұсынамыз.

Тел.: +7 775 397 16 81;
Email: baistarskz@gmail.com

Copyright © 2014-2016. Baistars.kz. Меншік иесі: «Baikadam Media Group» ЖШС
Сайт материалдарын қолданғанда сілтеме көрсету міндетті
Сайтты жасаған Bugin Group компаниясы