Шоу-бизнес

ОН ҮШ ЖАСАР ҚОС ҚАЗАҚСТАНДЫҚ РЕСЕЙДІҢ ТАНЫМАЛ МУЗЫКАЛЫҚ ЖОБАСЫНДА ҮЗДІК ДЕП ТАНЫЛДЫ

Ресей елінің танымал жобасы «Жұлдызды балалар — 2018» жобасынан екі қазақстандық үздік деп танылды. Жастары небәрі 13 жаста болса да Санат Асуат пен Нұрқабаев Дінмұхаммед әлемнің бірнеше елінен келген қатарластарын басып озған деп хабарлайды baistars.kz.

2017 жылдың қыркүйегінде басталған ауқымды жоба күні кеше аяқталды. «Жұлдызды балалардың» әндері арнайы дискке енді. Онда жалпы 55 ән жазылған.

Санат Асуаттың орындаған  әйгілі Лара Фабианның  “Je taime” әні де осы қатардан табылды. Сондай-ақ Дінмұхаммед Нұрқабаевтың орындауындағы «Зурабаган» әні де бар.

Айта кетейік, Санаттың 2015 жылы орындаған «Волнующий джаз» әні де дискке таспаланған. Санат Асуат пен ұстазы Майра Шамшеденқызымен бірге Македонияда өткен “Звездочки” байқауында гран-при иеленген болатын. Сондай-ақ 2018 жылдың қаңтарынан бастап бойжеткеннің орындауындағы әндер Франция радиосынан тыңдарманға ұсынылуда.

Нұрқабаев «Бала дауысының» лауреаты Атырау облысының намысын қорғаған. Бүгінгі таңда Дінмұхаммед пен Санат Асуат дуэт орындау үстінде. Жақында жаңа әндерін көпшілікке ұсынатын болады.

Пікір жазыңыз

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Шоу-бизнес
126 рет оқылды

Бөлімнің басқа жаңалықтары

АТЫШУЛЫ БАЙЗАҚОВА: ҚАЗАҚ ПОРНОГРАФИЯСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ РЕЖИССЕРІ БОЛАМЫН

37 рет оқылды20.04.2018

БАЯН МАҚСАТҚЫЗЫ: KESHYOU ҚЫЗДАРЫ «АҒАШКАЛАРҒА» ҚЫЗМЕТ ЖАСАМАЙДЫ

157 рет оқылды06.03.2018

АША МАТАЙ ӨЗІ ЖҮРГІЗЕТІН «ҚАЛАУЛЫМНЫҢ» ЖАБЫЛМАЙТЫНЫН АЙТТЫ

169 рет оқылды02.03.2018

ПАРОДИСТ ОЛЖАС СЫДЫҚБЕК ҰЛДЫ БОЛДЫ

149 рет оқылды19.02.2018

БЕЛГІЛІ КҮЙШІ МҰРАГЕР САУРАНБАЕВ ШАҢЫРАҚ КӨТЕРДІ

321 рет оқылды22.01.2018

ДИМАШ ҮЗДІК АТАНҒАН «МУЗЫКАДАҒЫ ЖАҢА КҮШ» МАРАПАТЫН ҰСТАЗЫНА АРНАДЫ

148 рет оқылды19.01.2018
Тел.: +7 775 397 16 81;
Email: baistarskz@gmail.com

Copyright © 2014-2016. Baistars.kz. Меншік иесі: «Baikadam Media Group» ЖШС
Сайт материалдарын қолданғанда сілтеме көрсету міндетті
Сайтты жасаған Bugin Group компаниясы