Бүгінгі жаңалықтар

«ХАБАР» АРНАСЫ КӨРЕРМЕНГЕ «ТАСӨТКЕЛ» АТТЫ ЖАҢА СЕРИАЛДЫ ҰСЫНАДЫ

Бұл сериал Мұрат Бидосовтың  режиссерлігімен өмірде болған оқиғаға негізделіп түсірілген.

Басты кейіпкері Ауғанстанда қалып қойған қазақ баласы Хасан. Бұралаң жол басып, балалық шағы Ауғанстанға тап келген кейіпкердің басып өткен «тасөткелі» көп. Жастайынан өмір сүрудің жолын үйреніп, жеті жұрттың тілін біліп, өнер игерген қарапайым азамат ғұмырының көп бөлігін Ыстамбұлда өткізеді. Өз еңбегімен ауқаттылар қатарына қосылады. Бірақ оның бар өкініші өзінің кім екенін білмеуі еді. Ұзақ жылдардан кейін ғана қазақтың қоңыр күйін тыңдап, жадынан өшкені қайта оралып, атажұртқа табаны тиеді. 

Айта кетейік, «Тасөткел» 12 бөлімнен тұрады. «Хабар» арнасынан көрермен назарына 16-шы қаңтардан бастап ұсынылмақ.

https://youtu.be/rs4lsX3ecvo

Пікір жазыңыз

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Бүгінгі жаңалықтар
201 рет оқылды

Бөлімнің басқа жаңалықтары

ҚАЗАҚ ӘЖЕЛЕРІ ҚЫТАЙДА ТАЛАНТТАР ШОУЫН БАҒЫНДЫРДЫ

31 рет оқылды23.01.2018

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДЗЮДОШЫЛАР ТУНИСТЕГІ ГРАН-ПРИ ТУРНИРІНІҢ ЖАЛПЫ ЕСЕБІНДЕ БІРІНШІ ОРЫН АЛДЫ

19 рет оқылды22.01.2018

ДИМАШ ҮЗДІК АТАНҒАН «МУЗЫКАДАҒЫ ЖАҢА КҮШ» МАРАПАТЫН ҰСТАЗЫНА АРНАДЫ

77 рет оқылды19.01.2018

ЖАНАР ДҰҒАЛОВАМЕН ТӘУЕКЕЛ МҮСІЛІМНІҢ КЕЗДЕСЕТІНІ РАС ПА?

240 рет оқылды18.01.2018

ТУҒАН ЖЕРІНДЕ БІР АПТА ДЕМАЛҒАН ДИМАШ ҚЫТАЙҒА ҚАЙТА ОРАЛДЫ

42 рет оқылды17.01.2018

ҮЙЛЕНГЕНДЕРІН ЖАСЫРҒАН АЙҚЫН МЕН ЖҰЛДЫЗДЫҢ ОТБАСЫЛЫҚ СУРЕТТЕРІ ПАЙДА БОЛДЫ

244 рет оқылды16.01.2018
Тел.: +7 775 397 16 81;
Email: baistarskz@gmail.com

Copyright © 2014-2016. Baistars.kz. Меншік иесі: «Baikadam Media Group» ЖШС
Сайт материалдарын қолданғанда сілтеме көрсету міндетті
Сайтты жасаған Bugin Group компаниясы