Спорт

СТАНИМИР СТОЙЛОВ «АСТАНАМЕН» КЕЛІСІМШАРТЫН ҰЗАРТАДЫ

«Астана» футбол клубы мен Станимир Стойлов жаңа еңбек келісімшарты туралы мәмілеге келді. Бұл жайында елордалық команданың ресми сайты хабарлады. Алдағы жұма күні команда Станимир Стойловтың бастауымен Біріккен Араб Әмірлігіне аттанады. Онда УЕФА Еуропа Лигасының 1/16 кезеңі аясында өтетін тарихи кездесуге дайындық жұмыстарын жүргізетін болады.

 «Мен басынан бастап «Астана» командасымен жұмыс жасауды жалғастырғым келетінін жасырған емеспін. Біз соңғы жылдарда өте үлкен нәтижеге қол жеткізіп, жанкүйерлер тарапынан қызу қолдауға ие болдық. Шынын айтсам, Астана мен Қазақстан менің екінші Отаным сияқты болып кетті. Біз «Спортингке» қарсы кездесуде лайықты өнер көрсетіп, клубымыздың абыройын асқақтатамыз деген сенімдемін. Команда құрамындағы ойыншылар тезірек  спорттық бабына келіп, маусымға дайын болуы үшін бізді алда өте маңызды оқу-жаттығу жиыны күтіп тұр», — деді Стойлов клубтың баспасөз қызметіне.

 Айта кетейік, 50 жастағы болгар маманы «Астана» футбол клубының тізгіні 2014 жылы ұстаған болатын.

Пікір жазыңыз

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Спорт
17 рет оқылды

Бөлімнің басқа жаңалықтары

БОКС: МАДИЯР ӘШКЕЕВТІҢ КЕЛЕСІ ҚАРСЫЛАСЫ АНЫҚТАЛДЫ

9 рет оқылды19.01.2018

СПОРТ: ДЗЮДОДАН ӨТЕТІН ӘЛЕМДІК ДОДА ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ КӨРСЕТІЛЕДІ

10 рет оқылды19.01.2018

ӘБУ-ДАБИДЕ ОТАНДАСТАРЫМЫЗ ДЖИУ-ДЖИТСУДЕН 9 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

8 рет оқылды18.01.2018

БАҚ: «РЕАЛ» РОНАЛДУДАН ҚҰТЫЛУДЫҢ ЖОЛЫН ІЗДЕУДЕ

8 рет оқылды18.01.2018

ҚАРАҒАНДЫЛЫҚ ЖЕҢІЛ АТЛЕТТЕР АЗИЯНЫҢ РЕКОРДЫН ЖАҢАРТТЫ

4 рет оқылды17.01.2018

ӘЙГІЛІ БРАЗИЛИЯЛЫҚ ФУТБОЛШЫ РОНАЛДИНЬО СПОРТТАҒЫ МАНСАБЫН АЯҚТАДЫ

3 рет оқылды17.01.2018
Тел.: +7 775 397 16 81;
Email: baistarskz@gmail.com

Copyright © 2014-2016. Baistars.kz. Меншік иесі: «Baikadam Media Group» ЖШС
Сайт материалдарын қолданғанда сілтеме көрсету міндетті
Сайтты жасаған Bugin Group компаниясы