Шоу-бизнес

NINETY ONE ТОБЫ ОҢТҮСТІК КОРЕЯДА ӨНЕР КӨРСЕТТІ

91 тобының Оңтүстік Корея астанасы Сеулде өнер көрсетіп жатқан сәтін Ким Бюль атты корей бишісі YouTube арнасында жариялады. Бұл жайында baq.kz хабарлады.

Ninety One жігіттері алдымен өткен аптада шыққан Ah! Yah! Mah! әнін орындады. Содан соң дебюттік әндері «Айыптаманы» шырқады.

«Қазақстандық Ninety One тобының Кореяда бірінші рет жаңа әнінің тұсауы кесілді», — деп жазды Ким Бюль.

Олар Хондэ ауданындағы жаяу жүргіншілер көшесінде өнер көрсетті. Әдетте мұнда әр сенбі сайын жергілікті уақытпен сағат 15.00-22.00 арасында би қойылымдары өтеді. Корей Арбатында бишілер жарысып, өзара мықтыны анықтайды. Бұдан бөлек, Ninety One тобы 10 қаңтарда Сеулде жанкүйерлермен кездесу (фан-митинг) өткізбек.

«Біз Сеул қаласындамыз. Сіздерде Ninety one тобына сұрақ қойып, альбом ұтысына қатысып, жақсы көретін əндеріңізді тыңдап және фан-митингке қатысу мүмкіндігі туып отыр. Сіздерді 10 қаңтар күні сағат 19:00-де Student Union Building of Sejong University-де күтеміз. Кіру тегін», — деп жазған топтың Instagram-дағы ресми аккаунтында.

Пікір жазыңыз

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Шоу-бизнес
48 рет оқылды

Бөлімнің басқа жаңалықтары

ДИМАШ ҮЗДІК АТАНҒАН «МУЗЫКАДАҒЫ ЖАҢА КҮШ» МАРАПАТЫН ҰСТАЗЫНА АРНАДЫ

9 рет оқылды19.01.2018

ҒАЛЫМЖАН МОЛДАНАЗАР «ҚЫЛМЫСЫН» МОЙЫНДАДЫ

35 рет оқылды18.01.2018

ЖАНАР ДҰҒАЛОВАМЕН ТӘУЕКЕЛ МҮСІЛІМНІҢ КЕЗДЕСЕТІНІ РАС ПА?

120 рет оқылды18.01.2018

ТУҒАН ЖЕРІНДЕ БІР АПТА ДЕМАЛҒАН ДИМАШ ҚЫТАЙҒА ҚАЙТА ОРАЛДЫ

18 рет оқылды17.01.2018

АЯН БІРБАЕВТЫҢ ШАҢЫРАҒЫНДА ҚЫЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

21 рет оқылды16.01.2018

ҮЙЛЕНГЕНДЕРІН ЖАСЫРҒАН АЙҚЫН МЕН ЖҰЛДЫЗДЫҢ ОТБАСЫЛЫҚ СУРЕТТЕРІ ПАЙДА БОЛДЫ

204 рет оқылды16.01.2018
Тел.: +7 775 397 16 81;
Email: baistarskz@gmail.com

Copyright © 2014-2016. Baistars.kz. Меншік иесі: «Baikadam Media Group» ЖШС
Сайт материалдарын қолданғанда сілтеме көрсету міндетті
Сайтты жасаған Bugin Group компаниясы