Бүгінгі жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МӘНЕРЛЕП СЫРҒАНАУШЫЛАР АБУ-ДАБИДЕН ТӨРТ МЕДАЛЬМЕН ОРАЛДЫ

БАӘ, Абу-Дабиде 2018 жылғы FBMA Trophy — мәнерлеп сырғанаудан бірнші әлем чемпионаты аяқталды. Біздің спортшылар жарыстан бір алтын, бір күміс және екі қола медаль әкелді. Бұл жайында prosports.kz хабарлады.

Астаналық мәнерлеп сырғанаушы Никита Манько қысқа және еркін бағдарлама нәтижесінде 139,30 ұпаймен жасөспірімдер арасында ең үздік атанды.

Қазақстан Чемпионы Алана Тоқтарова қос бағдарламадан 117,97 ұпай жинап екінші орынға табан тіреді. Айза Мамбекова 121,5 ұпаймен қолаға қол жеткізсе, «Advanced Novice» категориясы бойынша былтыр Нью-Йорктегі жарыста көзге түскен ақтөбелік Дарья Вдовина үшінші орын иеленді.

Айта кететіні, біздің спортшыларды 22-ші қаңтар күні Қытайдың Тайбэйінде өтетін «Төрт құрлық чемпионаты» күтіп тұр.

Пікір жазыңыз

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Бүгінгі жаңалықтар
43 рет оқылды

Бөлімнің басқа жаңалықтары

ТАНЫМАЛ ПРОДЮСЕР ШАРТТЫ БҰЗҒАН ТОП ЖІГІТТЕРІНЕН 96 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ СҰРАҒАН

15 рет оқылды20.04.2018

АТЫШУЛЫ БАЙЗАҚОВА: ҚАЗАҚ ПОРНОГРАФИЯСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ РЕЖИССЕРІ БОЛАМЫН

42 рет оқылды20.04.2018

ДАНЭЛИЯ ТӨЛЕШОВА ӘЙГІЛІ ZAZ-БЕН БІРГЕ МӘСКЕУДЕ ӘН ШЫРҚАДЫ

32 рет оқылды11.03.2018

ҚЫТАЙДЫҢ ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫНА ДИМАШ ЖАЙЛЫ СҰРАҚТАР ЕНГІЗІЛГЕН

89 рет оқылды11.03.2018

САЛТАНАТ БАҚАЕВА ПЕРЗЕНТХАНАДАН ШЫҚТЫ

55 рет оқылды06.03.2018

ҚАЗАҚ ӘЖЕЛЕРІ ҚЫТАЙДА ТАЛАНТТАР ШОУЫН БАҒЫНДЫРДЫ

82 рет оқылды23.01.2018
Тел.: +7 775 397 16 81;
Email: baistarskz@gmail.com

Copyright © 2014-2016. Baistars.kz. Меншік иесі: «Baikadam Media Group» ЖШС
Сайт материалдарын қолданғанда сілтеме көрсету міндетті
Сайтты жасаған Bugin Group компаниясы