Спорт

«МАНЧЕСТЕР СИТИ» МАУСЫМДА АЛҒАШ РЕТ ҰТЫЛДЫ

Хосеп Гвардиола жаттықтыратын «Манчестер Сити» футбол клубы 2017/2018 маусымдағы ағылшын премьер-лигасында алғаш рет ұтылды. Жеңіліссіз келе жатқан команда ХХІІІ турда «Ливерпульге» есе жіберді.

«Энфилд» стадионында өткен ойын нәтижелі болды. Кездесуде Юрген Клопп жаттықтыратын алаң иелері 4:3 есебімен жеңіске жетті.

9 минутта  Алекс Окслейд Чемберлен «Ливерпульді» алға шығарды. Алайда бірінші тайм аяқталғанша «Манчестер Сити» есепті теңестіре білді. 59 минутта Роберто Фирмино алаң иелерін алға шығарды. Араға екі минут сала Садьо Мане қонақтар қақпасына үшінші голды тоғытты. 68 минутта қақпашы Эдерсонның қателігін ұтымды пайдаланған Мұхаммед Салах есепті 4:1-ге жеткізді.

Ойын аяқталар уақытта «Манчестер Сити» қамшы басты. 84 минутта ойынға жаңадан қосылған Бернарду Силва есепті қысқартты. Ал негізгі уақытқа қосылған қосымша минуттардың бірінде Илкай Гюндоган «қалалықтардың» ойындағы үшінші голын соқты.

Айта кетейік,
ХХІІІ турдан 62 ұпай жинаған «Манчестер Сити» көш бастап келеді.

Пікір жазыңыз

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Спорт
47 рет оқылды

Бөлімнің басқа жаңалықтары

РЕСЕЙЛІК СПОРТШЫНЫҢ ҚАНЫНАН ДОПИНГ ТАБЫЛДЫ

106 рет оқылды19.02.2018

2018 ЖЫЛҒЫ ОЛИМПИАДАНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ САЙТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

130 рет оқылды23.01.2018

САНЧЕС «МАНЧЕСТЕР ЮНАЙТЕДКЕ», МХИТАРЯН «АРСЕНАЛҒА» АУЫСТЫ

113 рет оқылды23.01.2018

GGG АЛҒАШ РЕТ WBN НҰСҚАСЫ БОЙЫНША ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК БОКСШЫСЫ АТАНДЫ

119 рет оқылды22.01.2018

АЛЕКСЕЙ ПОЛТОРАНИН ШАҢҒЫ ЖАРЫСЫНАН ӘЛЕМ КУБОГЫНДА РЕКОРД ОРНАТТЫ

124 рет оқылды22.01.2018

БОКС: МАДИЯР ӘШКЕЕВТІҢ КЕЛЕСІ ҚАРСЫЛАСЫ АНЫҚТАЛДЫ

75 рет оқылды19.01.2018
Тел.: +7 775 397 16 81;
Email: baistarskz@gmail.com

Copyright © 2014-2016. Baistars.kz. Меншік иесі: «Baikadam Media Group» ЖШС
Сайт материалдарын қолданғанда сілтеме көрсету міндетті
Сайтты жасаған Bugin Group компаниясы