Спорт

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АКТРИСА ДЖИУ-ДЖИТСУДАН ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫСТА ТОП ЖАРДЫ

Қазақстандық Мөлдір Мекенбаева Біріккен Араб Әмірліктерінде бразилиялық джиу-джитсудан өткен Халықаралық Грэнд Слэм жарысында алтын медальды жеңіп алды. Бұл жайында  sportinform хабарлады. 

Жеңімпаз арудың айтуынша ол боз кілемге 3 мәрте шыққан. «Біріншісін сабмишнмен жеңдім, қалған екі белдесуді ұпай санымен алып кеттім. Әрине, қиындықтар қайда болса да бар, бірақ маған ұнайды. Бұл менің Абу-Дабиге екінші рет келуім. Бірінші рет 2016 жылы әлем чемпионатына келдім. Бүгін міне, Grand Slam World Tour халықаралық жарысында белдестім. 2018 жылды мен «алтынмен» бастадым және бұл менің алдағы жетістіктердің жалғасы болады деп үміттенемін»,-деді өз сөзінде.

Айта кетейік, Мөлдір «Мұраға қалған махаббат» (Любовь по наследству) және «Саяхатшы» (Путешественник) сияқты фильмдердегі рөлдері арқылы танылған. Ал қазіргі уақытта «Қазақ батырлар» тарихи сериалына түсіп жатыр. Ол онда басты рөлді ойнайды.

Пікір жазыңыз

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Бөлімнің басқа жаңалықтары

РЕСЕЙЛІК СПОРТШЫНЫҢ ҚАНЫНАН ДОПИНГ ТАБЫЛДЫ

106 рет оқылды19.02.2018

2018 ЖЫЛҒЫ ОЛИМПИАДАНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ САЙТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

130 рет оқылды23.01.2018

САНЧЕС «МАНЧЕСТЕР ЮНАЙТЕДКЕ», МХИТАРЯН «АРСЕНАЛҒА» АУЫСТЫ

113 рет оқылды23.01.2018

GGG АЛҒАШ РЕТ WBN НҰСҚАСЫ БОЙЫНША ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК БОКСШЫСЫ АТАНДЫ

119 рет оқылды22.01.2018

АЛЕКСЕЙ ПОЛТОРАНИН ШАҢҒЫ ЖАРЫСЫНАН ӘЛЕМ КУБОГЫНДА РЕКОРД ОРНАТТЫ

124 рет оқылды22.01.2018

БОКС: МАДИЯР ӘШКЕЕВТІҢ КЕЛЕСІ ҚАРСЫЛАСЫ АНЫҚТАЛДЫ

75 рет оқылды19.01.2018
Тел.: +7 775 397 16 81;
Email: baistarskz@gmail.com

Copyright © 2014-2016. Baistars.kz. Меншік иесі: «Baikadam Media Group» ЖШС
Сайт материалдарын қолданғанда сілтеме көрсету міндетті
Сайтты жасаған Bugin Group компаниясы