Кино & театр

«ҚАЗАҚФИЛЬМ» КИНОСТУДИЯСЫ «МҰЗБАЛАҚ» МУЛЬТФИЛЬМІНІҢ ТРЕЙЛЕРІН ЖАРИЯЛАДЫ

Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы «Мұзбалақ» атты толықметражды анимациялық көркем фильмнің трейлерін жариялады. Бүркіт пен адамның достығы туралы баяндайтын бұл мультфильм ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілген. Фильмді режиссер-аниматор – Тұрдыбек Майдан және Тілек Төлеуғазы.Екі жыл көлемінде жасалған бұл мультфильмде қырыққа жуық анимация маманы жұмыс істеген. Ұзақтығы 65 минут болатын жобада 2D және 3D форматта жасалған және әр секундында 24-25 кадр сурет салынған. Кейіпкерлерді дыбыстауға Ержан Жарылқасынұлы, Жанат Тыныбаев, Самат Қордабай, Төлебаев Ерғали Дүйсенұлы, Алма Әділқызы есімді театр және кино актерлері қатысқан. 

«Мұзбалақ» осыған дейін жасалған «Тастүлек» қысқа метрлі мультфильм негізінде жасалған.

Сюжетте ерте заманда адамдар кесірінен жер астындағы айдаһарға айналап келе жатқан абжылан оянып, жер бетіне шығып, маңайын жалмап, қазақ ауылына үлкен апат әкеліп, үрей туғызады. Ол ауылды отқа орап, қарсы келгенді жалмап келе жатқанда, бір қыран бүркіт балапанын қорғап, онымен айқасады. Ақыры абжылан қайта жер астына қашып жоқ болады. Ал қыран отқа оранған ұядан балапанын алып, алысқа ұшып кетеді. Адам жұтып дәніккен абжылан күн тұтылып, өзінің айдаһарға айналар сәтін асыға күтеді…

Айта кетейік, «Мұзбалақ» биыл көктемде прокатқа шығады деп жоспарланған.

Бұдан бөлек Күлтегін туралы тағы бір анимациялық картина прокатқа әзірленіп жатыр.

Пікір жазыңыз

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кино & театр
46 рет оқылды

Бөлімнің басқа жаңалықтары

ӘУЕЗОВ ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ ЕРЛАН БІЛӘЛДІҢ ІСІ СОТҚА ТҮСТІ

60 рет оқылды18.01.2018

«ХАБАР» АРНАСЫ КӨРЕРМЕНГЕ «ТАСӨТКЕЛ» АТТЫ ЖАҢА СЕРИАЛДЫ ҰСЫНАДЫ

200 рет оқылды15.01.2018

ҮЗДІК ОНДЫҚ: 2017 ЖЫЛДЫҢ ЕҢ КӨП ҚАРАЖАТ ТАПҚАН ФИЛЬМДЕРІ

38 рет оқылды09.01.2018

НҰРЛАН ҚОЯНБАЕВТЫҢ ФИЛЬМІ ӨЗГЕ ЕЛДІҢ ТУЫНДЫЛАРЫН БАСЫП ОЗДЫ

64 рет оқылды05.01.2018

М.ӘУЕЗОВ ТЕАТРЫНЫҢ БАСШЫСЫ ЕРЛАН БІЛӘЛ 1,5 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ПАРАМЕН ҰСТАЛДЫ

74 рет оқылды05.01.2018

«ҚАЗАҚША БИЗНЕС АМЕРИКАДА» ФИЛЬМНІҢ КӨРСЕТІЛІМІНЕ БІРНЕШЕ КҮН ҚАЛДЫ

42 рет оқылды25.12.2017
Тел.: +7 775 397 16 81;
Email: baistarskz@gmail.com

Copyright © 2014-2016. Baistars.kz. Меншік иесі: «Baikadam Media Group» ЖШС
Сайт материалдарын қолданғанда сілтеме көрсету міндетті
Сайтты жасаған Bugin Group компаниясы