Спорт

САНЧЕС «МАНЧЕСТЕР ЮНАЙТЕДКЕ», МХИТАРЯН «АРСЕНАЛҒА» АУЫСТЫ

Ағылшынның «Манчестер Юнайтед» пен «Арсенал» футбол клубтары ойыншы алмасты. «Қызыл сойқандар» сапынан Генрих Мхитарян Лондонға жол тартса, Алексис Санчес манкуниандық командаға келді. Бұл жайында vesti.kz хабарлады.

Командалар ойыншылар үшін ақша шығындаған жоқ. Екі футболшының да трансфер құнын тең бағалап, ресми түрде алмасты.

29 жастағы Алексис Санчес «Арсенал» сапында 3,5 маусым ойнады. Бұл аралықта екі рет Англия кубогы мен үш рет Суперкубокты иеленді. 122 ойынға қатысып, 60 гол соқты. 29 рет нәтижелі пас берген. Алексис лондондық клубқа дейін «Барселона» (Испания), «Удинезе» (Италия), «Ривер Плейт» (Аргентина), «Коло-Коло» және «Кобрелоа» (екеуі де – Чили) клубтарында ойнаған.

Генрих Мхитарян «Манчестер Юнайтедте» 1,5 маусым ойнады. Еуропа лигасы, Англия Суперкубогы мен Анлия лигасы кубогын жеңіп алды. 39 ойынға қатысып, 6 нәтижелі пас беріп, 5 гол соққан. Манкуниандық командаға дейін ол «Боруссия д» (Германия), «Шахтер» (Украина), «Металлург» (Украина) және «Пюник» (Армения) клубтарында доп тепкен.

Пікір жазыңыз

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Бөлімнің басқа жаңалықтары

РЕСЕЙЛІК СПОРТШЫНЫҢ ҚАНЫНАН ДОПИНГ ТАБЫЛДЫ

90 рет оқылды19.02.2018

2018 ЖЫЛҒЫ ОЛИМПИАДАНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ САЙТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

106 рет оқылды23.01.2018

GGG АЛҒАШ РЕТ WBN НҰСҚАСЫ БОЙЫНША ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК БОКСШЫСЫ АТАНДЫ

103 рет оқылды22.01.2018

АЛЕКСЕЙ ПОЛТОРАНИН ШАҢҒЫ ЖАРЫСЫНАН ӘЛЕМ КУБОГЫНДА РЕКОРД ОРНАТТЫ

104 рет оқылды22.01.2018

БОКС: МАДИЯР ӘШКЕЕВТІҢ КЕЛЕСІ ҚАРСЫЛАСЫ АНЫҚТАЛДЫ

62 рет оқылды19.01.2018

СПОРТ: ДЗЮДОДАН ӨТЕТІН ӘЛЕМДІК ДОДА ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ КӨРСЕТІЛЕДІ

60 рет оқылды19.01.2018
Тел.: +7 775 397 16 81;
Email: baistarskz@gmail.com

Copyright © 2014-2016. Baistars.kz. Меншік иесі: «Baikadam Media Group» ЖШС
Сайт материалдарын қолданғанда сілтеме көрсету міндетті
Сайтты жасаған Bugin Group компаниясы