Бүгінгі жаңалықтар

М.ӘУЕЗОВ ТЕАТРЫНЫҢ БАСШЫСЫ ЕРЛАН БІЛӘЛ 1,5 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ПАРАМЕН ҰСТАЛДЫ

  «Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры Алматыда Жаңа жыл кезінде балаларға қойылым қою мақсатында театрдан орын беру үшін заңды тұлғадан 1,5 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді. Кінәсін толық мойындауына байланысты ол қамауға алынған жоқ. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр», — деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахин. Әуезов театрының баспасөз қызметінен ҚР еңбек сіңірген қайраткері, М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры басшысы Ерлан Біләл 1,5 миллион теңге парамен ұсталды. Бұл жайында tengrinews.kz хабарлады.

Айта кетейік, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жастар одағы сыйлығы лауреаты Біләл Ерлан Әбділдаұлы 1971 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданы, Текес ауылында дүниеге келген. 1993 жылы Қазақ Мемлекеттік Т. Жүргенов атындағы Театр-Кино институтын (қазіргі Өнер академиясы) театр-кино актері мамандығы бойынша бітірген. Осы жылы М.Әуезов театрының актерлік тобына қабылданды. 2011 жылы 12 қыркүйегінен бастап М. Әуезов театры директорының орынбасары қызметіне тағайындалды. 2014 жылы Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының көркемдік жетекшісі қызметтерін атқарған. Сондай-ақ 2015 жылы 27 сәуірінен бастап М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры. ҚР Жастар одағы сыйлығының лауреаты (2002 жылы), ҚР еңбек сіңірген қайраткері (2007 жылы), Қазақ Ұлттық Т.Жүргенов атындағы Өнер Академиясының аға оқытушысы (2008 жылы).

Пікір жазыңыз

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Бүгінгі жаңалықтар
139 рет оқылды

Бөлімнің басқа жаңалықтары

ТАНЫМАЛ ПРОДЮСЕР ШАРТТЫ БҰЗҒАН ТОП ЖІГІТТЕРІНЕН 96 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ СҰРАҒАН

71 рет оқылды20.04.2018

АТЫШУЛЫ БАЙЗАҚОВА: ҚАЗАҚ ПОРНОГРАФИЯСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ РЕЖИССЕРІ БОЛАМЫН

306 рет оқылды20.04.2018

ДАНЭЛИЯ ТӨЛЕШОВА ӘЙГІЛІ ZAZ-БЕН БІРГЕ МӘСКЕУДЕ ӘН ШЫРҚАДЫ

51 рет оқылды11.03.2018

ҚЫТАЙДЫҢ ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫНА ДИМАШ ЖАЙЛЫ СҰРАҚТАР ЕНГІЗІЛГЕН

131 рет оқылды11.03.2018

САЛТАНАТ БАҚАЕВА ПЕРЗЕНТХАНАДАН ШЫҚТЫ

93 рет оқылды06.03.2018

ҚАЗАҚ ӘЖЕЛЕРІ ҚЫТАЙДА ТАЛАНТТАР ШОУЫН БАҒЫНДЫРДЫ

121 рет оқылды23.01.2018
Тел.: +7 775 397 16 81;
Email: baistarskz@gmail.com

Copyright © 2014-2016. Baistars.kz. Меншік иесі: «Baikadam Media Group» ЖШС
Сайт материалдарын қолданғанда сілтеме көрсету міндетті
Сайтты жасаған Bugin Group компаниясы