Шоу-бизнес

КӨПБАЛАЛЫ ӘНШІ ДИНАРА СҰЛТАН ЖАЛАҢАШТАНҒАН ҚАЗАҚ ҚЫЗДАРЫНА ӨКПЕСІН ЖЕТКІЗДІ

Елімізге белгілі әнші, көпбаланың анасы  Динара Сұлтан өз парақшасында жартылай жалаңаштанып, желіде ерсі қылықтарын көрсетіп, балағат сөз айтатын қыздардың ата-аналары мен туыс-туғандарынан қымсынбайтынын жеткізді.

 

«Бәріміз де жас болдық, өз қателіктерімізде өсіп келе жатырмыз. Бұл жерде мен ешкімді кінәраттағым келмейді. Әрине, әр адамның өз тағдыры өз қолында. Кезінде, продюсерлердің талабы бойынша ашық-шашық ән айтқан кездер де болды, ол тек жастық шақ шығар… (сахналық образ). Қазір жалаңаш жүргендер аз емес, әсіресе өз парақшаларына ішімдік ішіп, темекі тартып, балағат сөз айтып отыратын жас қыздарды түсінбеймін. Қалай сонда? Ол қыз баланың оқырмандары қатарында туыс-жаран, ата-анасы жоқ па екен?! Әрине бар. Өкінішке орай, оның ішінде біздің де сіңілеріміз бар.Бір түсінбейтінім, келешекте мұндайлар қалай үйленеді, үй болады, қандай тәрбие балаларына береді екен?! Неге десеңіз, бұл Instagram, Facebook деген нәрселер жәй ғана ұмытылып, жоқ болып кетпейді. Әй, ақырзаман деген осы шығар… Құдай сақтасын, менің балаларым көрмесінші деп тілеп отыратын болдым»,-деп жазды ол.

 

Әнші желіде жартылай жалаңаштанған қыздардың суреттері мен видеоларын жариялағанша, керісінше жас қыздарды ана болуға, ұрпақ тәрбиелеуге шақыратын мотивациялық дүниелерді салуға шақырды.

«Сіздер «не үшін бұл видео, не үшін бұл жазба?» деп ойланып отырған шығарсыз. Біздер «ойбай көз тиеді»- деп балаларымызды көрсетпеуге тырысамыз! Ол да дұрыс шығар… Ал сонда қалай болғаны? Жалаңаш кеудені салуға болады, ал мынадай мотивациялық видеоны көрсетпей тығып отыру керек пе?! Керісінше, жастарды ана болуға, бала тәрбиелеуге жетелеу керек деп ойлаймын. Сондықтан жастар, бақыт деген желіде отырып күні-түні жарнама жасау, не бар не жоқтығын көрсету емес, қанша шешінсең де барлық ақшаны таба алмайсың қарағым. Бақыт ол- еңбек ету, ұрпақ әкелу! Ата-анаңның саған деген ақталған сенімі!»,-деп ақылын айтты көпбалалы ана.

Пікір жазыңыз

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Шоу-бизнес
54 рет оқылды

Бөлімнің басқа жаңалықтары

ДИМАШ ҮЗДІК АТАНҒАН «МУЗЫКАДАҒЫ ЖАҢА КҮШ» МАРАПАТЫН ҰСТАЗЫНА АРНАДЫ

9 рет оқылды19.01.2018

ҒАЛЫМЖАН МОЛДАНАЗАР «ҚЫЛМЫСЫН» МОЙЫНДАДЫ

35 рет оқылды18.01.2018

ЖАНАР ДҰҒАЛОВАМЕН ТӘУЕКЕЛ МҮСІЛІМНІҢ КЕЗДЕСЕТІНІ РАС ПА?

120 рет оқылды18.01.2018

ТУҒАН ЖЕРІНДЕ БІР АПТА ДЕМАЛҒАН ДИМАШ ҚЫТАЙҒА ҚАЙТА ОРАЛДЫ

18 рет оқылды17.01.2018

АЯН БІРБАЕВТЫҢ ШАҢЫРАҒЫНДА ҚЫЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

21 рет оқылды16.01.2018

ҮЙЛЕНГЕНДЕРІН ЖАСЫРҒАН АЙҚЫН МЕН ЖҰЛДЫЗДЫҢ ОТБАСЫЛЫҚ СУРЕТТЕРІ ПАЙДА БОЛДЫ

204 рет оқылды16.01.2018
Тел.: +7 775 397 16 81;
Email: baistarskz@gmail.com

Copyright © 2014-2016. Baistars.kz. Меншік иесі: «Baikadam Media Group» ЖШС
Сайт материалдарын қолданғанда сілтеме көрсету міндетті
Сайтты жасаған Bugin Group компаниясы