Спорт

ДЕНИС ТЕН: ОЛИМПИАДАҒА ДЕЙІН БАБЫМДА БОЛАМЫН ДЕП СЕНЕМІН

 Ақпан айында Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындары өтеді. Бұл додаға мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан атынан үш спортшы қатысады. Соның бірі – Денис Тен. Мәнерлеп сырғанаушы тамыз айындағы Оңтүстік Кореядағы шоу алдында жарақат алған ол, қазіргі уақытта қысқы олимпиадаға дайындық жүргізуде.

   Шанхайда өткен турнирдің қола жүлдегері атанған спортшы instagram желісіндегі парақшасында Олимпиадаға дайындығы мен жарақаты жайлы айтты. «Жарақатымнан айығу үшін емделіп жүргеніме 150 күндей уақыт өтті. Физиотерапия, тоқсан сайын екпе жасатып, сіңірімді қалпына келтіру үшін залда жаттығулар жасаудамын. Бүгін МРТ (Магнитті-резонандық томография) сіңірлерімнің қалыпқа келіп, сүйік арасындағы қанды сүйелдің азайғанын көрсетті. Біріншісі аяғымды басуға кедергі келтірсе, екіншісі ауыртатын еді. Жарақатымнан толық айығу үшін шамамен 6 айдай уақыт керек. Бірақ Олимпиадаға дейін бабымда боламын деп сенемін. Бұған дейін мен салмақты тек оң аяғыма түсіре алатын едім. Қазір екі аяғыммен де секіре аламын. Дегенмен әлі де ауырады. Бірақ жаттығуды күрделендіре беруге болады. Мұндай көрсеткіштің өзі керемет емес шығар, алайда 3 апта бұрын Лутц жаттығуын (оң аяғымен орындалатын жаттығу) және Флип жаттығуын орындай бастадым (Франциядағы гран-при бәсекесінде). Енді білек сыбана жаттығуға кірісетін кез келді. Бұл мені қуанышқа бөлейді», — деп жазды Денис Тен.

Айта кетейік, Пхенчхандағы олимпиадаға Қазақстаннан үш мәнерлеп сырғанаушы қатысады. Ерлер арасында Денис Тен болса, қыздар арасында Элизабет Тұрсынбаеваның барады.

Пікір жазыңыз

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Спорт
55 рет оқылды

Бөлімнің басқа жаңалықтары

РЕСЕЙЛІК СПОРТШЫНЫҢ ҚАНЫНАН ДОПИНГ ТАБЫЛДЫ

118 рет оқылды19.02.2018

2018 ЖЫЛҒЫ ОЛИМПИАДАНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ САЙТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

145 рет оқылды23.01.2018

САНЧЕС «МАНЧЕСТЕР ЮНАЙТЕДКЕ», МХИТАРЯН «АРСЕНАЛҒА» АУЫСТЫ

124 рет оқылды23.01.2018

GGG АЛҒАШ РЕТ WBN НҰСҚАСЫ БОЙЫНША ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК БОКСШЫСЫ АТАНДЫ

135 рет оқылды22.01.2018

АЛЕКСЕЙ ПОЛТОРАНИН ШАҢҒЫ ЖАРЫСЫНАН ӘЛЕМ КУБОГЫНДА РЕКОРД ОРНАТТЫ

132 рет оқылды22.01.2018

БОКС: МАДИЯР ӘШКЕЕВТІҢ КЕЛЕСІ ҚАРСЫЛАСЫ АНЫҚТАЛДЫ

82 рет оқылды19.01.2018
Тел.: +7 775 397 16 81;
Email: baistarskz@gmail.com

Copyright © 2014-2016. Baistars.kz. Меншік иесі: «Baikadam Media Group» ЖШС
Сайт материалдарын қолданғанда сілтеме көрсету міндетті
Сайтты жасаған Bugin Group компаниясы