Кино & театр

ӘУЕЗОВ ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ ЕРЛАН БІЛӘЛДІҢ ІСІ СОТҚА ТҮСТІ

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры Ерлан Біләлге қатысты коррупциялық қылмыс бойынша іс сотқа түсті.

«Алматының Алмалы аудандық сотына «Қылмысқа дайындалу және оқталу» және «Пара алу» бабы бойынша айыпталған Ерлан Біләлге қатысты қылмыстық іс түсті», — деді Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап baq.kz хабарлады.

Тергеу дерегінше, Ерлан Біләл «Сезам» қоғамдық қайырымдылық қорының жетекшісінен жаңа жылдық театр қойылымдарын бірге өткізу туралы келісімге қол қою үшін пара алды деген күдікке ілінген. Істің мән-жайы анықталғанға дейін Ерлан Біләл театр директоры қызметінен шеттетілді.

Айта кетейік, 5 қаңтар күні Алматыда Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры Ерлан Біләл пара алып жатқан жерінде ұсталған еді. Алайда оның әріптестері актердің мұндай қадамға барғанына сенбейді. Бұдан кейін Ерлан Біләл 1 млн 200 мың теңгені кепіл қойып, уақытша босап шыққан болатын.

Пікір жазыңыз

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кино & театр
61 рет оқылды

Бөлімнің басқа жаңалықтары

«ҚАЗАҚФИЛЬМ» КИНОСТУДИЯСЫ «МҰЗБАЛАҚ» МУЛЬТФИЛЬМІНІҢ ТРЕЙЛЕРІН ЖАРИЯЛАДЫ

46 рет оқылды19.01.2018

«ХАБАР» АРНАСЫ КӨРЕРМЕНГЕ «ТАСӨТКЕЛ» АТТЫ ЖАҢА СЕРИАЛДЫ ҰСЫНАДЫ

201 рет оқылды15.01.2018

ҮЗДІК ОНДЫҚ: 2017 ЖЫЛДЫҢ ЕҢ КӨП ҚАРАЖАТ ТАПҚАН ФИЛЬМДЕРІ

38 рет оқылды09.01.2018

НҰРЛАН ҚОЯНБАЕВТЫҢ ФИЛЬМІ ӨЗГЕ ЕЛДІҢ ТУЫНДЫЛАРЫН БАСЫП ОЗДЫ

64 рет оқылды05.01.2018

М.ӘУЕЗОВ ТЕАТРЫНЫҢ БАСШЫСЫ ЕРЛАН БІЛӘЛ 1,5 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ПАРАМЕН ҰСТАЛДЫ

74 рет оқылды05.01.2018

«ҚАЗАҚША БИЗНЕС АМЕРИКАДА» ФИЛЬМНІҢ КӨРСЕТІЛІМІНЕ БІРНЕШЕ КҮН ҚАЛДЫ

42 рет оқылды25.12.2017
Тел.: +7 775 397 16 81;
Email: baistarskz@gmail.com

Copyright © 2014-2016. Baistars.kz. Меншік иесі: «Baikadam Media Group» ЖШС
Сайт материалдарын қолданғанда сілтеме көрсету міндетті
Сайтты жасаған Bugin Group компаниясы