Спорт

АЙЫНА 100 МЫҢ ДОЛЛАР ЖАЛАҚЫ АЛАТЫН «АСТАНАНЫҢ» БАС БАПКЕРІ ҚЫЗМЕТІНЕН КЕТТІ

Станимир Стойлов 1 қаңтардан бастап «Астана» командасының бас бапкері қызметін атқармайтын болды. Бұл жайында prosports.kz хабарлады. Болгарлық маман мен «Астана» клубы арасындағы үш жылдық келісімшарттың мерзімі 2017 жылдың 31 желтоқсан күні аяқталған болатын. Әзірге қос тараптың бір келісімге келгені туралы ақпарат шықпады. Осыған дейін Стоиловтың командадан кететіні туралы көп айтылған еді. Тіпті болгариялық бапкердің өзі де бұны растап, Еуропа командаларынан ұсыныс күтіп жүргенін жасырмаған болатын.

Алайда «Астана» клубының басшылары командаға ұшан-теңіз еңбегі сіңген бапкерді алып қалу үшін барын салған. Елордалық клубтың ұсынған жаңа келісімшарты бойынша болгарлық маман жылына 1,2 миллион жалақы алуы қажет болған. Мерзімі аяқталған келісімшарт бойынша Стойлов «Астана»  сапында айына 100 мың доллар жалақы алып отырған.

Пікір жазыңыз

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Спорт
30 рет оқылды

Бөлімнің басқа жаңалықтары

БОКС: МАДИЯР ӘШКЕЕВТІҢ КЕЛЕСІ ҚАРСЫЛАСЫ АНЫҚТАЛДЫ

9 рет оқылды19.01.2018

СПОРТ: ДЗЮДОДАН ӨТЕТІН ӘЛЕМДІК ДОДА ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ КӨРСЕТІЛЕДІ

10 рет оқылды19.01.2018

ӘБУ-ДАБИДЕ ОТАНДАСТАРЫМЫЗ ДЖИУ-ДЖИТСУДЕН 9 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

8 рет оқылды18.01.2018

БАҚ: «РЕАЛ» РОНАЛДУДАН ҚҰТЫЛУДЫҢ ЖОЛЫН ІЗДЕУДЕ

8 рет оқылды18.01.2018

ҚАРАҒАНДЫЛЫҚ ЖЕҢІЛ АТЛЕТТЕР АЗИЯНЫҢ РЕКОРДЫН ЖАҢАРТТЫ

4 рет оқылды17.01.2018

ӘЙГІЛІ БРАЗИЛИЯЛЫҚ ФУТБОЛШЫ РОНАЛДИНЬО СПОРТТАҒЫ МАНСАБЫН АЯҚТАДЫ

3 рет оқылды17.01.2018
Тел.: +7 775 397 16 81;
Email: baistarskz@gmail.com

Copyright © 2014-2016. Baistars.kz. Меншік иесі: «Baikadam Media Group» ЖШС
Сайт материалдарын қолданғанда сілтеме көрсету міндетті
Сайтты жасаған Bugin Group компаниясы