Шоу-бизнес

АЙГҮЛ ИМАНБАЕВА: «ДИМАШ ӘЛЕМГЕ ҚАЗАҚ ӨНЕРІН ТАНЫТҚАН ЖАУЫНГЕР»

Қазақ эстрадасының жұлдызы, танымал әнші, актриса Айгүл Иманбаева бүгінде ерекше даусымен әлемді тамсандырған талантты әнші Димаш Құдайберген жайлы пікір білдірді. Бұл жайында әншінің instagram парақшасына сілтеме жасап massaget.kz жазды. «Димаш! Бұл есім – былтырғы жылы әлемге қазақ өнерін танытудың өкілетті елшісі болған жарқыраған жауынгерінің есімі! Димаштың бір жылда бағындырған биіктері мен кеңейткен көкжиектеріне көз түгіл көңіл жетпейтіндей… Дегенмен, адам баласының қолынан бәрі келетіндігінің дәлелі бұл. Ол ерінбей еңбектенген, талмай талпынған, үмітін үзбей армандаған жанның бәріне жететіндігін өз жетістіктерімен көрсетті. Димаштың сахнаға шыққан әр сәтін мен де Сіздермен бірге қадағаладым. Қайта-қайта қарадым… тамсандым… бірде жүрегім елжіреп, көкірегімді қуаныштың жасы қысты… бірде ойлы жанарынан сыр ұқтым… Бір сөзбен айтқанда, мен Димашқа жанкүйер болдым. Бір нәрсеге көзім жетті. Кез-келген адам баласының тағдыры о баста, «шыр» етіп, дүниеге келген кезде маңдайына жазылғанымен, сол жолды кім қалай кешеді өзіне және тәрбиесіне байланысты екен. Димаш – ата-әжесінің мейіріміне шомылып, әкесінің музыкаға баулуымен қанаттанған, анасының қарапайымдылығымен қаруланған бала. Сондықтан оның әр сөзінен еліне деген махаббаты сезіліп, әр ісінен музыкаға, өнерге деген адалдық білініп тұрады. Оның әр жетістігінің негізгі діңгегі – адамгершілік пен кішіпейілділік. Димаштың әлемдегі ең танымал жұлдыздармен бірге бір сахнада дуэтпен ән шырқауы қазақ өнерінің орбитасын кеңейтуде. Ол өзінің мәртебелі жетістіктерімен тыңдармандарының талап талғамын да сатылап көтеріп тастады. Және жас ұрпақ санасына саф өнердің қаншалықты құнды болатындығын құйып берді. Димаш орындаған әр ән ғаламат туындыға айналып, қалықтай жөнелуінде нендей құдірет бар деп ойланып көрдіңіз бе?! Бұл – өнерге, музыкаға деген махаббат, шынайы әрі адал махаббат! Себебі, Димаш салған әндердің әр иірімінде оның жүрек лүпілі бар, өнерге деген өлшеусіз махаббатының жалыны бар. Барлықтарыңызға махаббат берсін! Себебі, Біз Абай атамыз айтқандай, «махаббатпен жаратылғанбыз», – деп жазды. 

 Айта кетейік, Димаш жаңа жылды Қытай елінде қарсы алды. Оның әлемдік турне аясында шығармашылық концерті 5 қаңтар күні Фучжоу қаласында өтеді. Оның алдында 16 желтоқсан күні Чанша қаласында өткен еді. Сонымен қатар әнші «Әлем бойынша 100 ең сұлу адам» (The 100 Most Handsome Faces of 2017) қатарында 76-орыннан көрінген болатын. 

Пікір жазыңыз

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Шоу-бизнес
87 рет оқылды

Бөлімнің басқа жаңалықтары

АТЫШУЛЫ БАЙЗАҚОВА: ҚАЗАҚ ПОРНОГРАФИЯСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ РЕЖИССЕРІ БОЛАМЫН

37 рет оқылды20.04.2018

БАЯН МАҚСАТҚЫЗЫ: KESHYOU ҚЫЗДАРЫ «АҒАШКАЛАРҒА» ҚЫЗМЕТ ЖАСАМАЙДЫ

158 рет оқылды06.03.2018

АША МАТАЙ ӨЗІ ЖҮРГІЗЕТІН «ҚАЛАУЛЫМНЫҢ» ЖАБЫЛМАЙТЫНЫН АЙТТЫ

170 рет оқылды02.03.2018

ОН ҮШ ЖАСАР ҚОС ҚАЗАҚСТАНДЫҚ РЕСЕЙДІҢ ТАНЫМАЛ МУЗЫКАЛЫҚ ЖОБАСЫНДА ҮЗДІК ДЕП ТАНЫЛДЫ

126 рет оқылды02.03.2018

ПАРОДИСТ ОЛЖАС СЫДЫҚБЕК ҰЛДЫ БОЛДЫ

149 рет оқылды19.02.2018

БЕЛГІЛІ КҮЙШІ МҰРАГЕР САУРАНБАЕВ ШАҢЫРАҚ КӨТЕРДІ

321 рет оқылды22.01.2018
Тел.: +7 775 397 16 81;
Email: baistarskz@gmail.com

Copyright © 2014-2016. Baistars.kz. Меншік иесі: «Baikadam Media Group» ЖШС
Сайт материалдарын қолданғанда сілтеме көрсету міндетті
Сайтты жасаған Bugin Group компаниясы