Шоу-бизнес

ҒАЛЫМЖАН МОЛДАНАЗАР «ҚЫЛМЫСЫН» МОЙЫНДАДЫ

Өзінің ерекше ән айту стилімен, бейнебаяндарымен көпшілікті таңқалдырып жүретін Ғалымжан Молданазар өзі жасаған қылмысы туралы TalkLike бағдарламасында мойындағанын, nur.kz мәлімдеді.

Әнші телеарналардағы бағдарламалар барысында амалдың жоқтығынан фонограммамен ән айтқанын «қылмыс» деп санайтынын жеткізді.

«Телеарналардың түсірілімдерінде қылмыс жасауға тура келді. Өйткені біздің телеарналар жанды дауыста жазба жасап, оны орындатуға дайын емес. Үлкен аудиторияда ешқашан фонограммамен ән айтқан емеспін, айтпаймын да», — деді ол.

Әнші қазақ қоғамының мейілінше жақсы жағын ғана көруге тырысатынын айтты. Сондай-ақ ол мәдениет саласында жүрген жандардың талантты жастарды байқамайтынын да айта кетті.

«Көп нәрсе өзгеріп жатыр. Оны көретін көз керек, мойындай білу керек. Бүгінде көптеген жас әншілер тірідей дауыста ән салып жүр. Бірақ олар мәдениет саласында жүрген жандардың немесе телеарнадағы журналистердің көзіне көп түсе бермейді. Әртістердің де кемшілігі бар. Олардың өздерін халыққа жақсы көрсету, аудиторияға сата білу білімі жоқ», — дейді Ғалымжан Молданазар.

Пікір жазыңыз

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Бөлімнің басқа жаңалықтары

БЕЛГІЛІ КҮЙШІ МҰРАГЕР САУРАНБАЕВ ШАҢЫРАҚ КӨТЕРДІ

157 рет оқылды22.01.2018

ДИМАШ ҮЗДІК АТАНҒАН «МУЗЫКАДАҒЫ ЖАҢА КҮШ» МАРАПАТЫН ҰСТАЗЫНА АРНАДЫ

77 рет оқылды19.01.2018

ЖАНАР ДҰҒАЛОВАМЕН ТӘУЕКЕЛ МҮСІЛІМНІҢ КЕЗДЕСЕТІНІ РАС ПА?

240 рет оқылды18.01.2018

ТУҒАН ЖЕРІНДЕ БІР АПТА ДЕМАЛҒАН ДИМАШ ҚЫТАЙҒА ҚАЙТА ОРАЛДЫ

42 рет оқылды17.01.2018

АЯН БІРБАЕВТЫҢ ШАҢЫРАҒЫНДА ҚЫЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

38 рет оқылды16.01.2018

ҮЙЛЕНГЕНДЕРІН ЖАСЫРҒАН АЙҚЫН МЕН ЖҰЛДЫЗДЫҢ ОТБАСЫЛЫҚ СУРЕТТЕРІ ПАЙДА БОЛДЫ

244 рет оқылды16.01.2018
Тел.: +7 775 397 16 81;
Email: baistarskz@gmail.com

Copyright © 2014-2016. Baistars.kz. Меншік иесі: «Baikadam Media Group» ЖШС
Сайт материалдарын қолданғанда сілтеме көрсету міндетті
Сайтты жасаған Bugin Group компаниясы