Премьералар

«ЖАҒАЛАУ» АТТЫ ЖАҢА КӨРКЕМ ФИЛЬМНІҢ ТҮСІРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «Сталкер Синема» ЖШС бірлесе отырып, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша жұмыс атауы «Жағалау» («Күнбағыс») атты жаңа толықметражды көркем фильмді түсіруді қолға алды.

Расул Шыбынтайдың сценарийі бойынша түсірілетін бұл фильм қарапайым отбасы туралы, сонымен қатар үлкендердің ісіне араласып, олардың проблемаларын шешпек болған 13 жастағы жасөспірімнің өмірін баяндайды.

«Жағалау» фильмі үстіміздегі жылдың желтоқсан айына дейін дайындық кезеңінде болады. Фильм режиссерінің айтуына қарағанда, алдын ала дайындық кезеңі барысында түсіру тобы жасөспірімдер арасында кастинг өткізіп, интерьерлік және экстерьерлік локацияларды таңдап, өтпелі кезең көріністерін түсіріп үлгерген.  2018 жылдың қаңтар айында «Жағалау» фильмінің түсіру жұмыстары жалғасады. Барлық түсірілімдер Алматы қаласында өтеді.

Пікір жазыңыз

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Премьералар
13 рет оқылды

Бөлімнің басқа жаңалықтары

АСАНӘЛІ ӘШІМОВТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КИНОАПТАЛЫҚ ӨТЕДІ

137 рет оқылды17.06.2017

ҚОС БАЛАНЫҢ БАР АРМАНЫ: АНАСЫНЫҢ ҚАЙТА ТІРІЛУІ МЕН ӘКЕСІНІҢ МЕЙІРІМІ

109 рет оқылды28.04.2017

«Құдіретті рейнджерлер» Димаштың орындауында

214 рет оқылды12.04.2017

Бәрі сен үшін

277 рет оқылды10.04.2017

Ақтастағы Ахико

73 рет оқылды07.04.2017

Бізге, Қырғызбай керек

104 рет оқылды07.04.2017
Тел.: +7 775 397 16 81;
Email: baistarskz@gmail.com

Copyright © 2014-2016. Baistars.kz. Меншік иесі: «Baikadam Media Group» ЖШС
Сайт материалдарын қолданғанда сілтеме көрсету міндетті
Сайтты жасаған Bugin Group компаниясы