Бүгінгі жаңалықтар

БЕЛГІЛІ ЖУРНАЛИСТ РАХАТ МАМЫРБЕК ӨМІРДЕН ОЗДЫ

“Бүгін таңертең Азаттықтың веб-редакторы Рахат Мамырбек дүниеден озды. 11 желтоқсан күні денсаулығы нашарлап, ауруханаға түскен еді”, – деп хабарлады Рахат Мамырбек редакторлық еткен “Азаттық” радиосы.

“Рахам-оу, мына пәни жалғаннан сені осылай ерте кетеді деп кім ойлаған еді. Жаның жайсаң, мінезің сабырлы, үстіңнен мың қойды айдап өтсе де қыңқ демейтін шыдамды және ерекше білімді едің. Үнемі күліп жүретін мінезіңе қызығушы едік. Сен отырған орта әрқашанда гүл болып тұрушы еді. Бүгінгі хабар қабырғамды қаусатып, еңсемді езіп барады. Бақыл бол, іні-дос!”,-деп жазды желідегі парақшасына Рахат Мамырбектің әріптесі Нұртай Лаханұлы.

Айта кететіні,Рахат Мамырбек “Азаттықта” 2012 жылдан бастап жұмыс істеген. Оған дейін отандық “Қазақстан”, “Алматы” және 31 арнада қызмет атқарған. 39 жастағы журналистің артында 5 баласы қалды.

Пікір жазыңыз

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Бүгінгі жаңалықтар
100 рет оқылды

Бөлімнің басқа жаңалықтары

ТАНЫМАЛ ПРОДЮСЕР ШАРТТЫ БҰЗҒАН ТОП ЖІГІТТЕРІНЕН 96 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ СҰРАҒАН

72 рет оқылды20.04.2018

АТЫШУЛЫ БАЙЗАҚОВА: ҚАЗАҚ ПОРНОГРАФИЯСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ РЕЖИССЕРІ БОЛАМЫН

310 рет оқылды20.04.2018

ДАНЭЛИЯ ТӨЛЕШОВА ӘЙГІЛІ ZAZ-БЕН БІРГЕ МӘСКЕУДЕ ӘН ШЫРҚАДЫ

52 рет оқылды11.03.2018

ҚЫТАЙДЫҢ ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫНА ДИМАШ ЖАЙЛЫ СҰРАҚТАР ЕНГІЗІЛГЕН

132 рет оқылды11.03.2018

САЛТАНАТ БАҚАЕВА ПЕРЗЕНТХАНАДАН ШЫҚТЫ

95 рет оқылды06.03.2018

ҚАЗАҚ ӘЖЕЛЕРІ ҚЫТАЙДА ТАЛАНТТАР ШОУЫН БАҒЫНДЫРДЫ

122 рет оқылды23.01.2018
Тел.: +7 775 397 16 81;
Email: baistarskz@gmail.com

Copyright © 2014-2016. Baistars.kz. Меншік иесі: «Baikadam Media Group» ЖШС
Сайт материалдарын қолданғанда сілтеме көрсету міндетті
Сайтты жасаған Bugin Group компаниясы