Арнайы жоба

АЙТЫС: АЛТЫН ДОМБЫРА ЖАНДАРБЕК БҰЛҒАҚОВҚА БҰЙЫРДЫ

Ақтөбеде «Жыр арқауы — жаңғыру» атты республикалық ақындар айтысы өтті. Тәуелсіздік күніне арналған айтыста «Алтын домбыра» иесі анықталды, Бұл жайында ҚазАқпарат хабарлады.

 Ақтөбеде өткен республикалық ақындар айтысында барлығы 5 жұп алты сағат бойы ақтөбеліктерді жырға бөлеп, ел ішіндегі өзекті мәселерді қозғады. Ақтық сынға Сара Тоқтамыс пен Жандарбек Бұлғақов, Жарқынбек Наушабек пен Сырым Әуезхан, Айнұр Тұрсынбаева мен Әсет Дүйсебаев шықты.

«Айтыс — қазақ халқына ғана тән ұлы өнер. Жігітті талантына сай түстеген ақындар айтысы өте тартысты өтті. Ешкім ешкімнен кем емес»,- деді Қазақстанның халық ақыны, қазылар алқасының төрағасы Қонысбай Әбіл. Қазылар алқасының шешімімен Данияр Алдабергенов, Қуаныш Шарманов, Мурадым Ерланов және Сағадат Нұрмановқа алғыс хат пен 350 мың теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды. ІІІ орын Айнұр Тұрсынбаева, Сара Тоқтамыс және Әсет Дүйсебаевқа бұйырды. Олар 750 мың теңге көлеміндегі сыйлыққа ие болды. Екінші орынды Жарқынбек Наушабеков алды. Оған 1 миллион теңге қаржылай сыйлық берілді. Бірінші орын алған Сырым Әуезханға 2 млн теңгелік сыйлық табысталды. Ал бас жүлдеге тігілген 3 миллион теңге мен «Алтын домбыраны» Жандарбек Бұлғақов жеңіп алды.

Пікір жазыңыз

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Бөлімнің басқа жаңалықтары

АЛМАТЫДА ҚЫЗДАР АРАСЫНДА БОКСТАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ

7 рет оқылды19.01.2018

АҚСАЙЛЫҚ ЖІГІТТІ ҰЛЫБРИТАНИЯНЫҢ МОДЕЛЬДІК АГЕНТТІГІ ҚЫЗМЕТКЕ ШАҚЫРДЫ

6 рет оқылды17.01.2018

«АЛАТАУ» ДӘСТҮРЛІ ӨНЕР ТЕАТРЫНЫҢ АҚЫНДАРЫ ЖЕКПЕ-ЖЕК АЙТЫСЫН ӨТКІЗЕДІ

30 рет оқылды13.12.2017

ҚАЗАҚ ЖІГІТІ БАЙҚАУ БАРЫСЫНДА ТҮРІК ЕЛІН ТӘНТІ ЕТТІ

70 рет оқылды12.12.2017

ШҚО-ДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТЕДІ

60 рет оқылды31.10.2017

ГҮЛБАНУ ӘЗІМХАНОВА «ӘЛЕМ АРУЫ-2017» БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСУ ҮШІН ҚЫТАЙҒА КЕЛДІ

47 рет оқылды30.10.2017
Тел.: +7 775 397 16 81;
Email: baistarskz@gmail.com

Copyright © 2014-2016. Baistars.kz. Меншік иесі: «Baikadam Media Group» ЖШС
Сайт материалдарын қолданғанда сілтеме көрсету міндетті
Сайтты жасаған Bugin Group компаниясы