Арнайы жоба

ШҚО-ДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТЕДІ

Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауданы Көкпекті ауылында ақын Қалихан Алтынбаевтың 90 жылдығына арналған «Жыр тұнған Көкпектінің жағасында» атты республикалық ақындар айтысы өтеді.Бұл жайында ҚазАқпарат хабарлады.

«Республикалық ақындар айтысы 16 қарашада өтеді. Сөз додасына елімізге белгілі Ринат Заитов, Рүстем Қайыртайұлы, Серік Қуанған, Әсем Ережеқызы, Тоба Өтепбаев, Оңғар Қабден, Марат Ахметов, Нұрлыбек Құрманов, Манарбек Сатыбалды, Жасұлан Мақаев секілді ақындар қатысады. Айтысты Жүрсін Ерман жүргізеді. Айтыс аудандық Мәдениет үйінде сағат 14:30-да басталады.

Айта кетейік, айтыс ақыны Қалихан Алтынбаев республикалық айтыстардың жеңімпазы. 1927 жылы 27 қарашада бұрынғы Семей облысының Жарма ауданындағы Малай ауылында дүниеге келген. «Ақындар жыры» (1961), «Айтыс» (3 том, 1966), «Ақындар шықты айтысқа» (1969), «Қазақтың қазіргі поэзиясы» (1975) жинақтарының, «Дала бесік», «Қиял қанатында» жыр жинақтарының, «Қалбатау», «Ақсуат», «Көкпекті» танымдық зерттеу кітаптарының авторы.

Пікір жазыңыз

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Арнайы жоба
113 рет оқылды

Бөлімнің басқа жаңалықтары

ҚАЗАҚ ӘЖЕЛЕРІ ҚЫТАЙДА ТАЛАНТТАР ШОУЫН БАҒЫНДЫРДЫ

82 рет оқылды23.01.2018

АЛМАТЫДА ҚЫЗДАР АРАСЫНДА БОКСТАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ

74 рет оқылды19.01.2018

АҚСАЙЛЫҚ ЖІГІТТІ ҰЛЫБРИТАНИЯНЫҢ МОДЕЛЬДІК АГЕНТТІГІ ҚЫЗМЕТКЕ ШАҚЫРДЫ

79 рет оқылды17.01.2018

АЙТЫС: АЛТЫН ДОМБЫРА ЖАНДАРБЕК БҰЛҒАҚОВҚА БҰЙЫРДЫ

751 рет оқылды15.12.2017

«АЛАТАУ» ДӘСТҮРЛІ ӨНЕР ТЕАТРЫНЫҢ АҚЫНДАРЫ ЖЕКПЕ-ЖЕК АЙТЫСЫН ӨТКІЗЕДІ

68 рет оқылды13.12.2017

ҚАЗАҚ ЖІГІТІ БАЙҚАУ БАРЫСЫНДА ТҮРІК ЕЛІН ТӘНТІ ЕТТІ

129 рет оқылды12.12.2017
Тел.: +7 775 397 16 81;
Email: baistarskz@gmail.com

Copyright © 2014-2016. Baistars.kz. Меншік иесі: «Baikadam Media Group» ЖШС
Сайт материалдарын қолданғанда сілтеме көрсету міндетті
Сайтты жасаған Bugin Group компаниясы