Арнайы жоба

БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТЕАТР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛЬДІҢ БАС ЖҮЛДЕСІН ИЕМДЕНДІ

Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры Македонияда мәреге жеткен «Стоби — 2017» халықаралық театр фестивалінің бас жүлдесін жеңіп алды. Бұл жайында ҚазАқпаратта хабарланды.

Батысқазақстандық театр Х.Мюллердің «Филоктет-Медея» трагедиясымен айтулы өнер додасына қатысты. Қойылымның режиссері — белгілі режиссер, Ш.Айтматов атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты Қуандық Қасымов.   Аталмыш фестивальде сондай-ақ театр актері Салауат Түменов «Ең үздік ер адам», ал ҚР мәдениет саласының үздігі Нұргүл Жұбатова «Ең үздік әйел образы» аталымы бойынша үздік атанды.

Еске сала кетейік, батысқазақстандық театр аталмыш фестивальде осымен екінші рет бас жүлде иегері атанып отыр. Театр бұдан бір жыл бұрын Македонияның Велес қаласында өткен «Стоби — 2016» антикалық драма театрларының ХV халықаралық фестивалінде де үздік шыққан болатын.

Пікір жазыңыз

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Арнайы жоба
98 рет оқылды

Бөлімнің басқа жаңалықтары

ҚАЗАҚ ӘЖЕЛЕРІ ҚЫТАЙДА ТАЛАНТТАР ШОУЫН БАҒЫНДЫРДЫ

82 рет оқылды23.01.2018

АЛМАТЫДА ҚЫЗДАР АРАСЫНДА БОКСТАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ

74 рет оқылды19.01.2018

АҚСАЙЛЫҚ ЖІГІТТІ ҰЛЫБРИТАНИЯНЫҢ МОДЕЛЬДІК АГЕНТТІГІ ҚЫЗМЕТКЕ ШАҚЫРДЫ

79 рет оқылды17.01.2018

АЙТЫС: АЛТЫН ДОМБЫРА ЖАНДАРБЕК БҰЛҒАҚОВҚА БҰЙЫРДЫ

751 рет оқылды15.12.2017

«АЛАТАУ» ДӘСТҮРЛІ ӨНЕР ТЕАТРЫНЫҢ АҚЫНДАРЫ ЖЕКПЕ-ЖЕК АЙТЫСЫН ӨТКІЗЕДІ

67 рет оқылды13.12.2017

ҚАЗАҚ ЖІГІТІ БАЙҚАУ БАРЫСЫНДА ТҮРІК ЕЛІН ТӘНТІ ЕТТІ

129 рет оқылды12.12.2017
Тел.: +7 775 397 16 81;
Email: baistarskz@gmail.com

Copyright © 2014-2016. Baistars.kz. Меншік иесі: «Baikadam Media Group» ЖШС
Сайт материалдарын қолданғанда сілтеме көрсету міндетті
Сайтты жасаған Bugin Group компаниясы