Кино & театр

«БАЛУАН ШОЛАҚ» КӨРКЕМ ФИЛЬМІНІҢ ТҮСІРІЛІМДЕРІ АЯҚТАЛДЫ

Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында «Балуан Шолақ» көркем фильмінің түсірілімдері аяқталды. Фильм — режиссер Нұргелді Садығұловтың көркем фильмдегі алғашқы қадамы.

Қазіргі таңда фильмнің монтаждау кезеңі жүріп жатыр. Аталмыш тарихи туынды әнші және композитор, аты аңызға айналған балуан Балуан Шолақ туралы баяндайды.

Фильмнің түсірілімдері Алматы облысы, Павлодар қаласы және Бурабайда өткен. Алматы облысы Кеген және Жалаңаш ауылдарында фильмнің негізгі бөлігі түсірілген. Көпшілік сахналарға үш жүзге жуық адам қатысқан.

Айта кетейік, фильмге екі бірдей трейлер және екі саундтрек әзірленіп жатыр. Шығармашылық топ оларды жақын арада көрермен назарына ұсынады. Фильм жылдың соңында жарық көреді деп жоспарлануда.

Пікір жазыңыз

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кино & театр
117 рет оқылды

Бөлімнің басқа жаңалықтары

«ҚАЗАҚФИЛЬМ» КИНОСТУДИЯСЫ «МҰЗБАЛАҚ» МУЛЬТФИЛЬМІНІҢ ТРЕЙЛЕРІН ЖАРИЯЛАДЫ

184 рет оқылды19.01.2018

ӘУЕЗОВ ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ ЕРЛАН БІЛӘЛДІҢ ІСІ СОТҚА ТҮСТІ

179 рет оқылды18.01.2018

«ХАБАР» АРНАСЫ КӨРЕРМЕНГЕ «ТАСӨТКЕЛ» АТТЫ ЖАҢА СЕРИАЛДЫ ҰСЫНАДЫ

349 рет оқылды15.01.2018

ҮЗДІК ОНДЫҚ: 2017 ЖЫЛДЫҢ ЕҢ КӨП ҚАРАЖАТ ТАПҚАН ФИЛЬМДЕРІ

142 рет оқылды09.01.2018

НҰРЛАН ҚОЯНБАЕВТЫҢ ФИЛЬМІ ӨЗГЕ ЕЛДІҢ ТУЫНДЫЛАРЫН БАСЫП ОЗДЫ

172 рет оқылды05.01.2018

М.ӘУЕЗОВ ТЕАТРЫНЫҢ БАСШЫСЫ ЕРЛАН БІЛӘЛ 1,5 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ПАРАМЕН ҰСТАЛДЫ

140 рет оқылды05.01.2018
Тел.: +7 775 397 16 81;
Email: baistarskz@gmail.com

Copyright © 2014-2016. Baistars.kz. Меншік иесі: «Baikadam Media Group» ЖШС
Сайт материалдарын қолданғанда сілтеме көрсету міндетті
Сайтты жасаған Bugin Group компаниясы