Арнайы жоба

АСТАНАДА ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ӨТЕТІН ТУРНИРДІҢ ЖҮЛДЕ ҚОРЫ 1 МЛН ДОЛЛАР

14-17 желтоқсанда Астанада үстел теннисінен «World Tour Grand Finals 2017» әлемдік турының финалдық бәсекесі өтеді.  Осы спорттық шараның жүлде қоры 1 миллион АҚШ долларына жетті. Бұл жайында ҚазАқпарат хабарлады.

«Гранд-финалға әлемнің үздік спортшылары қатысады. Бұлар ерлер, әйелдер арасында теннисшілердің ТОП-16 әлемдік рейтингісінде алдыңғы қатардағылар, сондай-ақ жұптық сынында ұпай саны бойынша алдыңғы орында тұрғандар. Байрақты бәсекеге қатысатын спортшылар әлемдік турдың 12 кезеңінде өткізілген жарыстардың қорытындысы бойынша сараланады. Қатысушылардың арасында 5 олимпиада чемпионы мен 9 әлем чемпионы бар»,- деді ҚР Үстел теннисі федерациясының бас директоры Серік Қасқабасов.

Оның сөзіне қарағанда, биыл турнирдің кезеңдері Будапешт, Нью-Дели, Инчхон, Панагюриште, Оломоуц, Стокгольм, Доха, Токио, Чэнду, Брисбен, Линце, Магдебург қалаларында ұйымдастырылды.

Айта кетейік, финалдық сайыс «Дәулет» спорт кешенінде өтеді. Бұл шарадан әлемнің 122 еліне хабар таратылады.

Пікір жазыңыз

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Арнайы жоба
90 рет оқылды

Бөлімнің басқа жаңалықтары

ҚАЗАҚ ӘЖЕЛЕРІ ҚЫТАЙДА ТАЛАНТТАР ШОУЫН БАҒЫНДЫРДЫ

82 рет оқылды23.01.2018

АЛМАТЫДА ҚЫЗДАР АРАСЫНДА БОКСТАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ

74 рет оқылды19.01.2018

АҚСАЙЛЫҚ ЖІГІТТІ ҰЛЫБРИТАНИЯНЫҢ МОДЕЛЬДІК АГЕНТТІГІ ҚЫЗМЕТКЕ ШАҚЫРДЫ

79 рет оқылды17.01.2018

АЙТЫС: АЛТЫН ДОМБЫРА ЖАНДАРБЕК БҰЛҒАҚОВҚА БҰЙЫРДЫ

751 рет оқылды15.12.2017

«АЛАТАУ» ДӘСТҮРЛІ ӨНЕР ТЕАТРЫНЫҢ АҚЫНДАРЫ ЖЕКПЕ-ЖЕК АЙТЫСЫН ӨТКІЗЕДІ

67 рет оқылды13.12.2017

ҚАЗАҚ ЖІГІТІ БАЙҚАУ БАРЫСЫНДА ТҮРІК ЕЛІН ТӘНТІ ЕТТІ

129 рет оқылды12.12.2017
Тел.: +7 775 397 16 81;
Email: baistarskz@gmail.com

Copyright © 2014-2016. Baistars.kz. Меншік иесі: «Baikadam Media Group» ЖШС
Сайт материалдарын қолданғанда сілтеме көрсету міндетті
Сайтты жасаған Bugin Group компаниясы