Афиша

АСАНӘЛІ ӘШІМОВТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КИНОАПТАЛЫҚ ӨТЕДІ

17-26 маусым аралығында I дүниежүзілік «Астана» театр фестивалі аясында Асанәлі Әшімовтің 80 жылдығына арналған киноапталық өтеді.
Бұл жайында тележүргізуші Гүлназ Ауданбаева хабарлады. Ол өз парақшасында: «Асанəлі ағамыз туралы бірнеше ай бойы түсірген деректі фильміміз ертең Астанада өтетін l дүниежүзілік «Астана» театр фестивалі аясында көрсетілетін болды. Алматыға келе салып маған осындай тұлға туралы фильм дайындап сценарий жазу, редакторы болу бақыты бұйырды. Ал оның үлкен фестивальда көрсетуге лайық саналуы одан да үлкен қуаныш. Асанəлі аға «егер маған ұнаса фестивальда көрсетемін, ұнамаса көрсетпейміз» деп еді. Ұлы актер, шебер режиссер — МОЛОДЦЫ,- депті. Демек, мақсатымызға жеттік. Бұл жұмысты үлкен ұжым болып жүзеге асырдық. Маған сенім артқан жоба жетекшісі Анар Жүнісоваға алғыс айтамын. Ал фильмді «АСАНƏЛІ ƏШІМОВ-СЫР ТҰНҒАН АЙСБЕРГ» деп атауды жөн көрдім. Өйткені ол кісінің ізінен қалмай сұхбат алып жүріп (өзі айтпақшы «сұрамаған затың қалмады, бəрін біліп алдың» дегеніндей) Асекеңнің нағыз «Айсберг» екенін түсіндім. Оның кейпі айсбергтей сұсты болғанымен бар сыры ішінде. Айсберг ерісе ағыл-тегіл су болып іштегі шері игертпеуі мүмкін. Сол үшін ол сырын ішіне бүгеді. Мен осындай Асанəліні таныдым. СҰСТЫ ДА ЖЫЛЫ… Сырын ішіне бүккені менің папамды еске салады»,- деп жазды.
Естеріңізге сала кетейік, «Қазақфильм» киностудиясының бастамасымен жарық көретін туындыны сіз де барып көрсеңіз болады. Өтетін жері — «Сарыарқа» ойын-сауық орталығы. 17 маусым Кинопарк 8. 3-кинозал. Сағат 11:00-де.

Пікір жазыңыз

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Бөлімнің басқа жаңалықтары

АЛМАТЫДА ҚЫЗДАР АРАСЫНДА БОКСТАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ

120 рет оқылды19.01.2018

АҚСАЙЛЫҚ ЖІГІТТІ ҰЛЫБРИТАНИЯНЫҢ МОДЕЛЬДІК АГЕНТТІГІ ҚЫЗМЕТКЕ ШАҚЫРДЫ

109 рет оқылды17.01.2018

АЙТЫС: АЛТЫН ДОМБЫРА ЖАНДАРБЕК БҰЛҒАҚОВҚА БҰЙЫРДЫ

1 055 рет оқылды15.12.2017

«ЖАҒАЛАУ» АТТЫ ЖАҢА КӨРКЕМ ФИЛЬМНІҢ ТҮСІРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

79 рет оқылды14.12.2017

«АЛАТАУ» ДӘСТҮРЛІ ӨНЕР ТЕАТРЫНЫҢ АҚЫНДАРЫ ЖЕКПЕ-ЖЕК АЙТЫСЫН ӨТКІЗЕДІ

99 рет оқылды13.12.2017

ҚАЗАҚ ЖІГІТІ БАЙҚАУ БАРЫСЫНДА ТҮРІК ЕЛІН ТӘНТІ ЕТТІ

147 рет оқылды12.12.2017
Тел.: +7 775 397 16 81;
Email: baistarskz@gmail.com

Copyright © 2014-2016. Baistars.kz. Меншік иесі: «Baikadam Media Group» ЖШС
Сайт материалдарын қолданғанда сілтеме көрсету міндетті
Сайтты жасаған Bugin Group компаниясы