Жаңалықтар

«АЛАТАУ» ТЕАТРЫ САРЫАРҚАНЫҢ САЙЫН ДАЛАСЫН САЗДЫ ӘУЕНМЕН ТЕРБЕТТІ

Халықаралық «ЭКСПО – 2017» көрмесіне орай Алматы мәдениет күндері аясында «Алатау» дәстүрлі өнер театры да Астанаға гастрольдік сапармен барып, дүбірлі мерекеге үн қосып қайтты.

Олар Астана Жастар театрында және Этноауылда концерттік бағдарлама қойып, «Інжу-маржан», «Мәңгілік мұрат» дәстүрлі музыка кештерін өткізді. Ұлттық өнерімізді ұлықтап, рухани мұрамызды дәріптеу мақсатында өткен кеште қарасөздің қаймағын қалқып, сүбелі сөзді сарқыттай сақтаған, семсерін жырға суарған жыршылары мен термешілері және көмейіне бұлбұл ұялаған жезтаңдай әншілер өнер көрсетті. Олардың көшінде танымал өнер иелері Сәуле Жанпейісова, Еркін Шүкіманов, Жәкен Омаров, Аманқос Садықов, Алма Аманжолова тұр. Сонымен қатар, Бағдат Самединова, Нұржан Жанпейісов, Мұрат Әбуғазы, Талғат Әбуғазы, Болат Бөкенов, Саят Медеуов және «Қоңыр» тобы мен «Сазген сазы»  фольклорлық-этнографиялық ансамблінің қатысуы дәстүрлі музыка кешінің сәнін келтіріп, көркін қыздыра түсті.

Жанды дауыста, ұлттық музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен өткен концерттік іс-шараны Арқа жұрты және Астана қаласының қонақтары жылы қабылдады.

Пікір жазыңыз

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Жаңалықтар
162 рет оқылды

Бөлімнің басқа жаңалықтары

ФУТБОЛ: АЛЕКСАНДР БОРОДЮК ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАНЫҢ БАС БАПКЕРІ ҚЫЗМЕТІНЕН КЕТТІ

113 рет оқылды23.01.2018

2018 ЖЫЛҒЫ ОЛИМПИАДАНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ САЙТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

147 рет оқылды23.01.2018

ЕУРОПА ТАМСАНҒАН «ҚЫЗ ЖІБЕКТІ» АСТАНА ЖҰРТШЫЛЫҒЫ ТАМАШАЛАЙ АЛАДЫ

175 рет оқылды12.12.2017

ВИКТОРИЯ БЕКХЭМНЕН КҮЗДІҢ ҮЗДІК 10 СӘН ҮЛГІСІ

195 рет оқылды13.09.2017

ДМИТРИЙ БАЛАНДИН ЕЛ ҚОРЖЫНЫНА УНИВЕРСИАДАНЫҢ ҮШІНШІ МЕДАЛІН САЛДЫ

197 рет оқылды22.08.2017

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АУЫР АТЛЕТШІ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА «АЛТЫН» АЛДЫ

150 рет оқылды27.07.2017
Тел.: +7 775 397 16 81;
Email: baistarskz@gmail.com

Copyright © 2014-2016. Baistars.kz. Меншік иесі: «Baikadam Media Group» ЖШС
Сайт материалдарын қолданғанда сілтеме көрсету міндетті
Сайтты жасаған Bugin Group компаниясы