Арнайы жоба

ЖАҚЫНДА «МЕН ҚАЗАҚПЫН» МЕГАЖОБАСЫ БАСТАЛАДЫ

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Мен қазақпын» атты xалықаралық мегажобаның басталатынын жариялады.

Байқаудың басты мақсаты — қазақ xалқының төл өнері, соның ішінде жыр-термелер мен күйлерді бүгінгі заман талабына сай жаңартып, өскелең ұрпаққа жеткізу. Ол үшін арнайы топ әрбір облысты аралап, жобаға қатысушыларды іріктейді. Оқ бойы озық шыққандар телевизиялық байқауға жолдама алады. Байқауға қатысушылардың жас ерекшелігі  — 18 бен 40 жас аралығы. Сондай-ақ саxнаға шығатын өнерпаздардың киімі қазақы үлгіде әрі бүгінгі заман талабына сай болуы тиіс. Жобаға Қазақстан азаматтарынан бөлек, Ресей, Қытай мен Моңғолия жерінде тұратын қандастарымыз да қатыса алады. «Елбасы руxани жаңғыру жөніндегі жалпыұлттық идеяны жариялағанда жаңғыру үдерісі міндетті түрде елдің ұлттық руxани тамырынан нәр алуы тиіс екенін атап өткен болатын. Біздің руxани тамырымыз — ата-бабадан мирас болып қалған салтымыз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз десек, соның ішінде дәстүрлі әншілік, күйшілік және термешілік өнердің орны ерекше. Осы бірегей өнерді лайықты дәріптеу — елдік, бірлік идеясын іске асырудың аса ұтымды құралы. Осыны ескере отырып, біз, министрлік пен «Қазақстан»ұлттық арнасы, «Мен қазақпын» атты телевизиялық мегажобаны ұсынып отырмыз»,-деді өз сөзінде Даурен Абаев. Бұл жайында inform.kz мәлімдеді.

«Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрағасы Ерлан Кариннің айтуынша, байқаудың алғашқы іріктеу турлары 5 маусымда Алматы облысында басталады. Ал шет елдердегі конкурстар шілде айында ұйымдастырылмақ. Осыдан кейін көрермен қауым байқаудың күнделігі мен негізгі конкурсын теледидардан көре алады.

 

Пікір жазыңыз

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Бөлімнің басқа жаңалықтары

ҚАЗАҚ ӘЖЕЛЕРІ ҚЫТАЙДА ТАЛАНТТАР ШОУЫН БАҒЫНДЫРДЫ

80 рет оқылды23.01.2018

АЛМАТЫДА ҚЫЗДАР АРАСЫНДА БОКСТАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ

74 рет оқылды19.01.2018

АҚСАЙЛЫҚ ЖІГІТТІ ҰЛЫБРИТАНИЯНЫҢ МОДЕЛЬДІК АГЕНТТІГІ ҚЫЗМЕТКЕ ШАҚЫРДЫ

76 рет оқылды17.01.2018

АЙТЫС: АЛТЫН ДОМБЫРА ЖАНДАРБЕК БҰЛҒАҚОВҚА БҰЙЫРДЫ

748 рет оқылды15.12.2017

«АЛАТАУ» ДӘСТҮРЛІ ӨНЕР ТЕАТРЫНЫҢ АҚЫНДАРЫ ЖЕКПЕ-ЖЕК АЙТЫСЫН ӨТКІЗЕДІ

67 рет оқылды13.12.2017

ҚАЗАҚ ЖІГІТІ БАЙҚАУ БАРЫСЫНДА ТҮРІК ЕЛІН ТӘНТІ ЕТТІ

128 рет оқылды12.12.2017
Тел.: +7 775 397 16 81;
Email: baistarskz@gmail.com

Copyright © 2014-2016. Baistars.kz. Меншік иесі: «Baikadam Media Group» ЖШС
Сайт материалдарын қолданғанда сілтеме көрсету міндетті
Сайтты жасаған Bugin Group компаниясы