Шоу-бизнес

«NINETY ONE» ЖАЙЛЫ ФИЛЬМ ТҮСІРІЛУДЕ

Аталмыш топ 2015 жылы құрылған. Ең алғаш «Айыптама» деп аталатын әндері көпшілікке ұсынылды. «Ninety one» Қазақстанда корейлік поптың негізін қалаушылар болып саналады. Олардың арқасында елімізде жаңа Q-pop (Qazaq pop) форматы пайда болды. Қазіргі уақытта  Азамат Зенкаев, Батырхан Маликов, Азамат Ашмақын, Дулат Мұхаметқалиев және Данияр Күлімшин топта өнер көрсетіп жүр.

 

Фильмнің режиссері – Асқар Ұзабаев. Ал картина продюсері – Әсел Сәдуақасова.

Топ жайлы фильм жасау туралы ой алдымен Ұзақбаевқа келіпті. Ол өз сөзінде : «Мен жігіттердің шығармашылығын байқап жүрдім. Олардың өлеңдері мен топтың басқалардан өзгеше екендігі ұнады. Олардың хэйтерлері пайда болғанда және олардың концерттеріне тыйым салына бастағанда мен бұдан кино түсіруге болатынын ойлап, Ерболат Беделхан мен Әсел Сәдуақасоваға фильм түсіруге ұсыныс тастадым. Ерболат болса, олардың тым жас екенін және олар фильм түсіретіндей ештеңе істмегендерін айтты. Бірақ мен оларды көндірдім. Екеуіне «топты көпшілік білмейтін қырынан түсірейік. Көрермен үшін топтың хэйтерлері пайда болған кезде қандай жағдай болғанын көру өте қызық болатынын айттым»,- деді.

Түсірілім 8 сәуірде Алматыда басталып кеткен. Қазіргі уақытта фильмнің  жартысы дайын. Картина құрастырушыларының айтуынша фильм биыл күзде кинтеатрлардан көрсетіле бастайды.

 

Пікір жазыңыз

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Шоу-бизнес
355 рет оқылды

Бөлімнің басқа жаңалықтары

АТЫШУЛЫ БАЙЗАҚОВА: ҚАЗАҚ ПОРНОГРАФИЯСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ РЕЖИССЕРІ БОЛАМЫН

309 рет оқылды20.04.2018

БАЯН МАҚСАТҚЫЗЫ: KESHYOU ҚЫЗДАРЫ «АҒАШКАЛАРҒА» ҚЫЗМЕТ ЖАСАМАЙДЫ

275 рет оқылды06.03.2018

АША МАТАЙ ӨЗІ ЖҮРГІЗЕТІН «ҚАЛАУЛЫМНЫҢ» ЖАБЫЛМАЙТЫНЫН АЙТТЫ

269 рет оқылды02.03.2018

ОН ҮШ ЖАСАР ҚОС ҚАЗАҚСТАНДЫҚ РЕСЕЙДІҢ ТАНЫМАЛ МУЗЫКАЛЫҚ ЖОБАСЫНДА ҮЗДІК ДЕП ТАНЫЛДЫ

181 рет оқылды02.03.2018

ПАРОДИСТ ОЛЖАС СЫДЫҚБЕК ҰЛДЫ БОЛДЫ

222 рет оқылды19.02.2018

БЕЛГІЛІ КҮЙШІ МҰРАГЕР САУРАНБАЕВ ШАҢЫРАҚ КӨТЕРДІ

507 рет оқылды22.01.2018
Тел.: +7 775 397 16 81;
Email: baistarskz@gmail.com

Copyright © 2014-2016. Baistars.kz. Меншік иесі: «Baikadam Media Group» ЖШС
Сайт материалдарын қолданғанда сілтеме көрсету міндетті
Сайтты жасаған Bugin Group компаниясы