Премьералар

ҚОС БАЛАНЫҢ БАР АРМАНЫ: АНАСЫНЫҢ ҚАЙТА ТІРІЛУІ МЕН ӘКЕСІНІҢ МЕЙІРІМІ

Мамырдың 1 жұлдызы сағ. 11:00 «Алатау» дәстүрлі өнер театрының кинозалында 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесіне орай Алматы қаласы әкімдігі мен Алатау ауданы білім басқармасының ұйымдастыруымен Ахат Ыбыраевтың «Аңыздар кітабы: жұмбақ орман» фильмінің қайырымдылық көрсетілімі өтеді.

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген фильмде ағайынды Баха мен Таханың ертегі орманында бастан кешкен оқиғалары көрініс табады. Белгілі кәсіпкердің ұлдарының өмірі күтпеген «тосынсыйлар» мен қитұрқы әрекеттерге толы. Кәсіпкер әкенің жұмысбастылығы, өгей шешенің қырын қабақтығы олардың амазонкалар мекеніне аттануына себеп болады. Мақсаттары – амазонкалар пайшайымының зұлым күштерге қарсы күресіне қолғабыс тигізіп, елге қорған болу. Ақысына қайтыс болған аналарын тірілтіп, әкелерінің өздеріне көңіл бөлуін сұрамақ. Алайда, өгей шеше де қол қусырып қарап отырмақ емес…

«Сыйқырлы сюжеттер» мен тосын оқиғаларға толы кинокартинаға қазақ көшпенділерінің ежелгі аңыз-ертегілері арқау болған. Сонымен қатар, Қазақстанда алғаш рет фэнтэзи жанрында түсірілген фильмде компьютерлік графика мен анимациялар кеңінен қолданылған.

Қайырымдылық көрсетілім әлеуметтік жағдайы төмен, мүмкіндігі шектеулі балаларға және балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналып қойылады.

Пікір жазыңыз

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Бөлімнің басқа жаңалықтары

«ЖАҒАЛАУ» АТТЫ ЖАҢА КӨРКЕМ ФИЛЬМНІҢ ТҮСІРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

12 рет оқылды14.12.2017

АСАНӘЛІ ӘШІМОВТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КИНОАПТАЛЫҚ ӨТЕДІ

137 рет оқылды17.06.2017

«Құдіретті рейнджерлер» Димаштың орындауында

214 рет оқылды12.04.2017

Бәрі сен үшін

277 рет оқылды10.04.2017

Ақтастағы Ахико

72 рет оқылды07.04.2017

Бізге, Қырғызбай керек

103 рет оқылды07.04.2017
Тел.: +7 775 397 16 81;
Email: baistarskz@gmail.com

Copyright © 2014-2016. Baistars.kz. Меншік иесі: «Baikadam Media Group» ЖШС
Сайт материалдарын қолданғанда сілтеме көрсету міндетті
Сайтты жасаған Bugin Group компаниясы