Жаңалықтар

«АТАМЕКЕН» ФИЛЬМІ МӘСКЕУДІҢ АТАҚТЫ «ТРЕТЬЯКОВ» ГАЛЕРЕЯСЫНДА КӨРСЕТІЛЕДІ

Қазақстанның мәдени мұрасын дәріптеу және Қазақстан мен Ресейдің мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын нығайту мақсатында, Мәскеудегі Мемлекеттік Третьяков галереясында 1966 жылы «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген, режиссер Шәкен Аймановтың «Атамекен» көркем фильмі көрсетіледі.

Бұл жайында  Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» хабарлады. «Атамекен» фильмінің оқиға желісі екінші дүниежүзілік соғысынан бір жыл өткеннен кейінгі уақытты баяндайды. Фильмнің басты кейіпкерлері – ата мен немере – соғыста қайтыс болған баласының сүйегін тауып, туған жеріне алып келу үшін пойызбен Ресейге аттанады.

            Фильмнің сценарийін Олжас Сүлейменов жазған.
Шәкен Айманов фильм жайында өз естелігінде: «Біздің фильм көрерменге ой салу үшін, өзі дамыта алуы мақсатында түсірілген. Кейіпкерлер туған жерінен өтіп, адамдармен танысып, соғыстың кесірінен қираған орыс жерін көрсету маңызды емес. Біз үшін, қарияның фильмнің соңында әлемге, адамдарға деген көзқарасының өзгергенін көрсету маңызды болды»,- деген.

«Атамекен» фильмі Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ҚСР-ның Мемлекеттік сыйлығымен марапатталды (1968 ж.). Фильмдегі басты рөлді сомдаған Елубай Өмірзақов та Мемлекеттік сыйлықты иемденді. Сондай-ақ, фильмге Мурат Ахмадиев, Юрий Померанцев, Әмина Өмірзақова, Шолпан Алтайбаева және тағы басқалар түскен.

Кеңес дәуірінің үздік фильмдерінің бірі «Оттепель: лицом к будущему» фильмі мұражай аралық фестивалдің «Война окончена» бағдарламасының шеңберінде көрсетіледі. Фестиваль ұйымдастырушылары: А.С. Пушкин атындағы бейнелеу өнерінің Мемлекеттік мұражайы (ГМИИ), Мемлекеттік Третьяков галереясы (ГТГ), Мәскеу мұражайы және  Горький паркі.

«Атамекен» фильмінің көрсетілімі 2017 жылдың 26 сәуірінде сағат 19:00-де Третьяков галереясының Инженер корпусында болады (Лаврушинский, 12).

Пікір жазыңыз

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Жаңалықтар
110 рет оқылды

Бөлімнің басқа жаңалықтары

ЕУРОПА ТАМСАНҒАН «ҚЫЗ ЖІБЕКТІ» АСТАНА ЖҰРТШЫЛЫҒЫ ТАМАШАЛАЙ АЛАДЫ

46 рет оқылды12.12.2017

ВИКТОРИЯ БЕКХЭМНЕН КҮЗДІҢ ҮЗДІК 10 СӘН ҮЛГІСІ

111 рет оқылды13.09.2017

ДМИТРИЙ БАЛАНДИН ЕЛ ҚОРЖЫНЫНА УНИВЕРСИАДАНЫҢ ҮШІНШІ МЕДАЛІН САЛДЫ

110 рет оқылды22.08.2017

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АУЫР АТЛЕТШІ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА «АЛТЫН» АЛДЫ

88 рет оқылды27.07.2017

СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН ҚЫТАЙЛЫҚТАРҒА ДИМАШ 14 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ КӨМЕК КӨРСЕТТІ

149 рет оқылды04.07.2017

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БОКСШЫ ҚАРСЫЛАСЫН БІРІНШІ РАУНДТА ТІЗЕ БҮКТІРДІ

135 рет оқылды01.07.2017
Тел.: +7 775 397 16 81;
Email: baistarskz@gmail.com

Copyright © 2014-2016. Baistars.kz. Меншік иесі: «Baikadam Media Group» ЖШС
Сайт материалдарын қолданғанда сілтеме көрсету міндетті
Сайтты жасаған Bugin Group компаниясы