Кино & театр

«Сұлу мен Құбыжық» фильмі неліктен қазақстандық прокатқа шықпады?

«Меломан» компаниясындағылар «Сұлу мен Құбыжық» фильмі неліктен қазақстандық прокатқа шықпай жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz . Айта кетейік, бұл фильм қазақстандық прокатқа ресми түрде 2017 жылдың 16 наурызында шығу керек болатын.

Белгілі болғандай, мюзикл әлі күнге дейін прокатқа шығару куәлігін алмаған. Бұл құжатты ҚР Мәдениет және спорт министрлігі беруі тиіс екен. Алайда ведомстводағылар «Сұлу мен Құбыжық» фильміне қатысты шешім қабылдамаған болып шықты. Министрліктегілердің айтуынша, фильмді прокатқа шығару үшін берілетін куәлік әлі күнге дейін берілмеген және заң бойынша олар бұл өтінішті жеті күн ішінде қарастырады екен.

«Меломан» бас директоры Вадим Голенконың айтуынша, қазіргі уақытта фильмге рұқсат алу үшін барлық шара қолданылып жатыр. «Кейбір қазақстандық БАҚ-тардың мәліметінше, фильмді гомосексуализмді насихаттағаны үшін прокатқа шығармай жатыр. Біз Disney cтудиясына өтініш жібердік. Яғни, біз олардан ресейлік сарапшылардың фильмнің гомосексуализмді насихаттамайтыны жайлы қорытындыны жіберуді сұрадық. Қазіргі уақытта біз мәдениет министрлігіндегілер мен Ғылыми-зерттеу инстиутындағылармен байланыстамыз. Осы аптаның соңына дейін қандай да бір шешім қабылдануы қажет. Картинаның барлық нұсқасы кинотеатрларда дайын тұр», — деді компания директоры.

Сондай-ақ, Голенко Ресейдің қазіргі уақытта фильмді 16+ индексімен шығаруға рұқсат бергенін айтып өтті. Ол министрліктің осы фильмді 12+ индексімен шығаруға рұқсат береді деп сенеді. «Қазақстандықтардың осы фильмді көруі біз үшін өте маңызды. Онымен қоса, біз фильмді Наурыз мейрамына қарай дайындаған едік. Фильм прокатқа шығады деген сенімдеміз, бірақ кешірек шығуы мүмкін. Аптаның соңында дейін прокатқа шығару куәлігін аламыз деп сенемін», — деді бас директор.

Еске сала кетейік, осыған дейін елімізде «Сұлу мен Құбыжық» даулы фильмін балаларға көрсетуге тыйым салынуы мүмкін екені хабарланған болатын. «Меломан» компаниясынан кеше, 14 наурызда түстен кейінгі уақытта өтініш келіп түсті. Фильмнің атышулы болғанын есепке алып, фильмнің таныстырылымына министрлік қызметкерлері қатысады, олар көріп шыққаннан кейін шешім шығарады, — деген еді Жаманқұловтың ісі бойынша соттың үзілісінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің мәдениет және өнер істері жөніндегі департамент басшысының орынбасары Күміс Сейітова.

Пікір жазыңыз

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кино & театр
515 рет оқылды

Бөлімнің басқа жаңалықтары

«ҚАЗАҚФИЛЬМ» КИНОСТУДИЯСЫ «МҰЗБАЛАҚ» МУЛЬТФИЛЬМІНІҢ ТРЕЙЛЕРІН ЖАРИЯЛАДЫ

199 рет оқылды19.01.2018

ӘУЕЗОВ ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ ЕРЛАН БІЛӘЛДІҢ ІСІ СОТҚА ТҮСТІ

197 рет оқылды18.01.2018

«ХАБАР» АРНАСЫ КӨРЕРМЕНГЕ «ТАСӨТКЕЛ» АТТЫ ЖАҢА СЕРИАЛДЫ ҰСЫНАДЫ

365 рет оқылды15.01.2018

ҮЗДІК ОНДЫҚ: 2017 ЖЫЛДЫҢ ЕҢ КӨП ҚАРАЖАТ ТАПҚАН ФИЛЬМДЕРІ

155 рет оқылды09.01.2018

НҰРЛАН ҚОЯНБАЕВТЫҢ ФИЛЬМІ ӨЗГЕ ЕЛДІҢ ТУЫНДЫЛАРЫН БАСЫП ОЗДЫ

184 рет оқылды05.01.2018

М.ӘУЕЗОВ ТЕАТРЫНЫҢ БАСШЫСЫ ЕРЛАН БІЛӘЛ 1,5 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ПАРАМЕН ҰСТАЛДЫ

149 рет оқылды05.01.2018
Тел.: +7 775 397 16 81;
Email: baistarskz@gmail.com

Copyright © 2014-2016. Baistars.kz. Меншік иесі: «Baikadam Media Group» ЖШС
Сайт материалдарын қолданғанда сілтеме көрсету міндетті
Сайтты жасаған Bugin Group компаниясы