Кино & театр

Орыс тілін құрметтейтінін айтқан Нұртас Адамбай халыққа қазақ тілінде үндеу жолдады (ВИДЕО)

Белгілі кинорежиссер Нұртас Адамбай бұған дейін елді шулатқан тіл туралы жазбасына қатысты пікір білдірді. Айтуынша, кейбір желі оқырмандары оның айтар ойын дұрыс түсінбеген. Сол себепті оны сынап, тіпті, табалап жатқандар көбейген. Бұл олқылықтың орнын толтыруды көксеген Адамбай халыққа қазақ тілінде үндеу жолдады. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Менің ойымша, әрбір азамат мемлекеттік тілді білуі қажет. Қазақстанда ол қазақ тілі. Әрбір адам өз ана тілін білуі қажет. Бірақ сонда да қазақ тілін білмейтін адамдарды, өкінішке орай, төмендету дұрыс емес деп ойлаймын. Қазақ халқын «таза қазақ», «шала қазақ» деп бөлудің қажеті жоқ. Өйткені бұл біздің мемлекетімізге үлкен зиянын тигізуі мүмкін. Қазақ халқы әрқашан бірлікте болуы керек.

Мүмкін мен қазақ тілін жетік меңгермесем де, енді жетік меңгеруге тырысып жатырмын. Басқаларды да соған шақырамын. Бірақ өз еркілерімен”, – дейді Нұртас Адамбай.

Til turali postka arnalgan undeu

Публикация от nurtasadambay (@nurtasadambay)

Есте болса, бұған дейін Нұртас Адамбай мемлекеттік тілдің маңыздылығын айтқан еді. Ол кезінде орыс тілді мектептердің сапалы білім бергенін алға тартып, сол кездегі жастарды қазақ тілін еркін меңгермегені үшін кінәламау керектігін жеткізді. Сондай-ақ, Нұртас Адамбай орыс тіліне алғыс айтып, оны білу біздің әлсіздігіміз емес, керісінше мықтылығымыз екенін мәлімдеді.

Пікір жазыңыз

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кино & театр
399 рет оқылды

Бөлімнің басқа жаңалықтары

«ҚАЗАҚФИЛЬМ» КИНОСТУДИЯСЫ «МҰЗБАЛАҚ» МУЛЬТФИЛЬМІНІҢ ТРЕЙЛЕРІН ЖАРИЯЛАДЫ

146 рет оқылды19.01.2018

ӘУЕЗОВ ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ ЕРЛАН БІЛӘЛДІҢ ІСІ СОТҚА ТҮСТІ

146 рет оқылды18.01.2018

«ХАБАР» АРНАСЫ КӨРЕРМЕНГЕ «ТАСӨТКЕЛ» АТТЫ ЖАҢА СЕРИАЛДЫ ҰСЫНАДЫ

302 рет оқылды15.01.2018

ҮЗДІК ОНДЫҚ: 2017 ЖЫЛДЫҢ ЕҢ КӨП ҚАРАЖАТ ТАПҚАН ФИЛЬМДЕРІ

104 рет оқылды09.01.2018

НҰРЛАН ҚОЯНБАЕВТЫҢ ФИЛЬМІ ӨЗГЕ ЕЛДІҢ ТУЫНДЫЛАРЫН БАСЫП ОЗДЫ

139 рет оқылды05.01.2018

М.ӘУЕЗОВ ТЕАТРЫНЫҢ БАСШЫСЫ ЕРЛАН БІЛӘЛ 1,5 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ПАРАМЕН ҰСТАЛДЫ

124 рет оқылды05.01.2018
Тел.: +7 775 397 16 81;
Email: baistarskz@gmail.com

Copyright © 2014-2016. Baistars.kz. Меншік иесі: «Baikadam Media Group» ЖШС
Сайт материалдарын қолданғанда сілтеме көрсету міндетті
Сайтты жасаған Bugin Group компаниясы