Спорт

Манеза, Подобедова, Чиншанло жаттығуларын жалғастыруда

Мая Манеза, Зульфия Чиншанло жəне Светлана Подобедова жаттығуларын жалғастыруда. Алдағы уақытта Подобедова жəне Чиншанло 2020 жылы өтетін Токио олимпиадасында бақтарын сынауы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ал аталған додаға Мая Манеза қатысады ма, əзірге белгісіз. Бүгін бұл жөнінде Алматы облыстық дене шынықтыру жəне спорт басқармасының басшысы Тұратбек Шарапиев мəлім етті.

«Зульфия Чиншанло жас спортшы. Токио олимпиадасына қатысуы тиіс. Мұндай мүмкіндік Светлана Подобедовада да бар. Ал Мая Манеза төңірегінде біраз сұрақтар туындауда.  Қазір осы үшеуі нақты  спорттан  шеттетілген  жоқ. Ауыр атлетикадан Қазақстан құрама командасында жаттығуларын жалғастырып жатыр. Өздеріңізге белгілі, 2018 жылы  жазғы Азияда ойындары өтеді. Олар осы додаға  дайындықтарын шыңдайды деген үміттеміз», деді Шарапиев.

Басқарма басшысының сөзінше, халықаралық олимпиада комитеті аталған спортшылардың медальдарын  алып, нәтижелерін жойғанымен, зілтеміршілер спортпен қоштаспайды. Себебі, халықаралық ауыр атлетика федерациясы Мая Манеза, Зульфия Чиншанло және Светлана Подобедованы спорттан шектету жөнінде нақты шешім шығармаған.

Сондай-ақ жиын барысында республикалық жəне халықаралық жарыстарда жоғары нəтижелерге жеткен спортшыларға ай сайын облыс əкімінің сыйақысы төленетіні айтылды. Өңірдің 60 үздік  жəне 21 мүгедек-спортшысы 30 мыңнан 300 мыңға дейін сыйақы алады. Қазір облыс тұрғындарының 27 пайызы яғни 520 мыңнан астам адам жүйелі түрде спортпен шұғылдануда.

Пікір жазыңыз

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Бөлімнің басқа жаңалықтары

РЕСЕЙЛІК СПОРТШЫНЫҢ ҚАНЫНАН ДОПИНГ ТАБЫЛДЫ

90 рет оқылды19.02.2018

2018 ЖЫЛҒЫ ОЛИМПИАДАНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ САЙТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

106 рет оқылды23.01.2018

САНЧЕС «МАНЧЕСТЕР ЮНАЙТЕДКЕ», МХИТАРЯН «АРСЕНАЛҒА» АУЫСТЫ

94 рет оқылды23.01.2018

GGG АЛҒАШ РЕТ WBN НҰСҚАСЫ БОЙЫНША ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК БОКСШЫСЫ АТАНДЫ

103 рет оқылды22.01.2018

АЛЕКСЕЙ ПОЛТОРАНИН ШАҢҒЫ ЖАРЫСЫНАН ӘЛЕМ КУБОГЫНДА РЕКОРД ОРНАТТЫ

104 рет оқылды22.01.2018

БОКС: МАДИЯР ӘШКЕЕВТІҢ КЕЛЕСІ ҚАРСЫЛАСЫ АНЫҚТАЛДЫ

62 рет оқылды19.01.2018
Тел.: +7 775 397 16 81;
Email: baistarskz@gmail.com

Copyright © 2014-2016. Baistars.kz. Меншік иесі: «Baikadam Media Group» ЖШС
Сайт материалдарын қолданғанда сілтеме көрсету міндетті
Сайтты жасаған Bugin Group компаниясы