Кино & театр

«Қазақфильмнің» фильмдері «Сыншылар таңдауында» үздік атанды

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген фильмдер «Сыншылар таңдауы» киножүлдесінің барлық номинация бойынша қатысып, бес аталымда үздік атанды, деп хабарлайды Baq.kz.

Биыл Қазақстан кинематографистер одағының қолдауымен Қазақстан киносыншылар ассоциациясы ұйымдастырып отырған «Сыншылар таңдауы» жүлдесінен үміткер, прокатқа шыққан және былтыр фестивальдерге қатысқан 29 қазақстандық фильм қарастырылды.

Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» фильмі үш бірдей жүлдені иемденді.

Атап айтсақ, «Анаға апарар жол» фильмінде жасаған образдары үшін «Ең үздік актриса» — Алтынай Нөгербек және «Екінші пландағы үздік актриса» Аружан Жазылбекова деп танылды. Ал «Фильмге жазылған үздік музыка» номинациясын аталмыш фильмнің композиторлары Әлім Заиров пен Роман Вишневский бөлісті.

Сонымен қатар, киносыншылардың шешімі бойынша «Үздік оператор» номинациясында «Қазақфильм» киностудиясы түсірген Эмир Байғазин трилогиясының екінші бөлімі – «Төрт тағдыр» («Раненый ангел») фильмінің операторы Ив Кап үздік деп танылды. Одан бөлек, «Қазақфильм» киностудиясының «Дебют» шығармашылық бірлестігінде жарыққа шыққан «Свидетель дела № 6» қысқаметражды фильмінің сценарийі үздік аталды (сценарий авторы Әділхан Ержанов). Фильмнің режиссері Серік Әбішев.

«Қазақфильм» киностудиясының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, тәуелсіз киностудиялар жарыққа шығарған фильмдер келесі жүлделерге ие болды: «Киносыншылар таңдауы» киножүлдесінің «Үздік фильм» номинациясында екі фильм жеңіске жетті, олар: драма жанрындағы үздік фильм – «Чума в ауле Каратас» (продюсерлері Серік Әбішев және Ольга Хлащева) және «Тараз» криминалдық драмасы (продюсері Нұртас Адамбай). Сонымен қатар, «Тараз» фильмі екі жүлдені қанжығасына байлады — актер Еркебұлан Дайыров «Үздік актер» жүлдесін иеленсе, ал осы фильмде Ғалымжан Молданазардың орындауында шырқалған әні үздік деп танылды. «Районы» фильмінде ойнаған Шәріп Серік «Екінші пландағы үздік актер» жүлдесін иемденді. Ең үздік қысқаметражды фильм – Дархан Төлегеновтың «Маршрут» картинасы.

Сонымен қатар, «Киносыншылар таңдауы» жүлдесі арнайы сыйлығымен «Завтра – море» деректі фильмі үшін Катерина Суворова, қайта өңделген «Түрксіб» фильміне жазған музыкасы үшін композитор Қуат Шілдебаев және «Лица кино» фотожобасы үшін Николай Постников пен Жанна Қуанышева марапатталды.

Айта кетсек, тәуелсіз қоғамдық ұйым – Қазақстанның киносыншылар ассоциациясы үш жыл бұрын құрылған болатын. Оның құрамына бүгінде Гүлнәр Әбікеева (Ассоциация президенті), Ольга Малышева, Төлеген Байтүкенов, Олег Борецкий, Кәрім Қадырбаев және басқа да 11 сыншылар бар.

Ескерту!

Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі.

 

Пікір жазыңыз

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кино & театр
195 рет оқылды

Бөлімнің басқа жаңалықтары

«ХАБАР» АРНАСЫ КӨРЕРМЕНГЕ «ТАСӨТКЕЛ» АТТЫ ЖАҢА СЕРИАЛДЫ ҰСЫНАДЫ

29 рет оқылды15.01.2018

ҮЗДІК ОНДЫҚ: 2017 ЖЫЛДЫҢ ЕҢ КӨП ҚАРАЖАТ ТАПҚАН ФИЛЬМДЕРІ

21 рет оқылды09.01.2018

НҰРЛАН ҚОЯНБАЕВТЫҢ ФИЛЬМІ ӨЗГЕ ЕЛДІҢ ТУЫНДЫЛАРЫН БАСЫП ОЗДЫ

51 рет оқылды05.01.2018

М.ӘУЕЗОВ ТЕАТРЫНЫҢ БАСШЫСЫ ЕРЛАН БІЛӘЛ 1,5 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ПАРАМЕН ҰСТАЛДЫ

61 рет оқылды05.01.2018

«ҚАЗАҚША БИЗНЕС АМЕРИКАДА» ФИЛЬМНІҢ КӨРСЕТІЛІМІНЕ БІРНЕШЕ КҮН ҚАЛДЫ

37 рет оқылды25.12.2017

АЛМАТЫДА ҚАЗЫБЕК БИ ТУРАЛЫ ДЕРЕКТІ ФИЛЬМ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

39 рет оқылды15.12.2017
Тел.: +7 775 397 16 81;
Email: baistarskz@gmail.com

Copyright © 2014-2016. Baistars.kz. Меншік иесі: «Baikadam Media Group» ЖШС
Сайт материалдарын қолданғанда сілтеме көрсету міндетті
Сайтты жасаған Bugin Group компаниясы