Спорт

Дзюдошы Бозбаев Бакуде алтын алды (ВИДЕО)

Қазақстандық дзюдошы Ислам Бозбаев Бакуде (Әзірбайжан) өткен «Grand Slam» («Үлкен дулыға») турнирінде 90 келіге дейін салмақ дәрежесінде алтын алды. 

Жартылай финалда Бозбаев әзірбайжандық Турал Сафгулиевпен кездесу өткізіп, жеңіске жеткен болатын.

Финалда қазақстандық спортшы тағы бір әзірбайжандық дзюдошы Маммадали Мехдиевпен жекпе-жекке шықты. Екі вазари ұпайын алған Ислам Бозбаев кезедсу нәтижесінде алтын медальға ие болды.

Осылайша ол әлемдік рейтингте 93-орыннан 15-орынға бір-ақ көтерілді.

Бозбаев «Grand Slam» турнирі тарихында төртінші алтын алған қазақстандық атанып отыр.

Осы жолы турнирге Қазақстан құрамасынан 14 спортшы қатысты. Төрт дзюдошы бесінші орыннан көрінді. Олар: Қырғызбаев Ғұсман (60 кг), Нышанбаева Севара (57 кг), Бектасқызы Зере (70 кг) және Амангелдиева Альбина (78 кг).

Пікір жазыңыз

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Спорт
142 рет оқылды

Бөлімнің басқа жаңалықтары

БОКС: МАДИЯР ӘШКЕЕВТІҢ КЕЛЕСІ ҚАРСЫЛАСЫ АНЫҚТАЛДЫ

9 рет оқылды19.01.2018

СПОРТ: ДЗЮДОДАН ӨТЕТІН ӘЛЕМДІК ДОДА ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ КӨРСЕТІЛЕДІ

10 рет оқылды19.01.2018

ӘБУ-ДАБИДЕ ОТАНДАСТАРЫМЫЗ ДЖИУ-ДЖИТСУДЕН 9 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

8 рет оқылды18.01.2018

БАҚ: «РЕАЛ» РОНАЛДУДАН ҚҰТЫЛУДЫҢ ЖОЛЫН ІЗДЕУДЕ

8 рет оқылды18.01.2018

ҚАРАҒАНДЫЛЫҚ ЖЕҢІЛ АТЛЕТТЕР АЗИЯНЫҢ РЕКОРДЫН ЖАҢАРТТЫ

4 рет оқылды17.01.2018

ӘЙГІЛІ БРАЗИЛИЯЛЫҚ ФУТБОЛШЫ РОНАЛДИНЬО СПОРТТАҒЫ МАНСАБЫН АЯҚТАДЫ

3 рет оқылды17.01.2018
Тел.: +7 775 397 16 81;
Email: baistarskz@gmail.com

Copyright © 2014-2016. Baistars.kz. Меншік иесі: «Baikadam Media Group» ЖШС
Сайт материалдарын қолданғанда сілтеме көрсету міндетті
Сайтты жасаған Bugin Group компаниясы