Кино & театр

Ақан Сатаев сақ патшайымы Тұмар туралы фильм түсіреді

Қазақстандық режиссер Ақан Сатаев Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп сақ патшайымы Тұмар (Томирис) туралы фильм түсіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы ол аталған министрліктің кеңейтілген отырысында хабарлады. 

«Осы жылы біз Мәдениет министрлігімен бірлесіп «Тұмар» тарихи фильмін түсіруді бастағалы отырмыз. Сапалы дүние шыққан жағдайда ол отандық көрерменнің де, шетелдік аудиторияның да қызығушылығына ие бола алатынына сенімдімін. Тұмар патшайым — әлемдік тарихтің барысына ықпал еткен тұлға. Кинопрокатымыздың географиясын кеңейту үшін мұндай жобаларды жасау керек деп санаймын. Себебі бұл елдің халықаралық имиджінің қалыптасуына оң әсер етеді», — деді режиссер.

Сақ патшайымы Тұмардың есімі ежелгі жазбаларда Томирис деп көрсетілген. Б.з.д. 530-529 жылдары Мидия патшасы Кир көптеген елдерді өзіне бағындырып, «Азия әміршісі» атағына ие болып, Ұлы Далаға қарсы жорыққа шықты. Шайқастардың бірінде Кир патшасы Томиристің жұбайы Рүстемды өлтіріп, Тұмардың баласы Сыпырды қолға түсірген. Тұтқында Томиристің ұлы да мерт болды. Ал Кир көшпенділерге елші аттандырып, олардың ханшасына өзіне тұрмысқа шығуын талап етеді. Тұмар Кир патшаның ұсынысын қабылдамай, оның басын қанға тұншықтыруға уәде етеді. Осыдан кейін патшайым парсыларға қарсы ұрыс жүргізіп, жеңіске жетеді. Сол кезде Тұмар парсылардың патшасы Кирдің басын шауып алып, қан толтырылған сабаға тығып: «Аңсағаның қан еді, іш енді соны!» — деп айқайлады. Бұл оқиғаны грек тарихшысы Геродот «ең кескілескен және ұлы шайқас» деп суреттеген.

Пікір жазыңыз

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Бөлімнің басқа жаңалықтары

«ҚАЗАҚФИЛЬМ» КИНОСТУДИЯСЫ «МҰЗБАЛАҚ» МУЛЬТФИЛЬМІНІҢ ТРЕЙЛЕРІН ЖАРИЯЛАДЫ

199 рет оқылды19.01.2018

ӘУЕЗОВ ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ ЕРЛАН БІЛӘЛДІҢ ІСІ СОТҚА ТҮСТІ

197 рет оқылды18.01.2018

«ХАБАР» АРНАСЫ КӨРЕРМЕНГЕ «ТАСӨТКЕЛ» АТТЫ ЖАҢА СЕРИАЛДЫ ҰСЫНАДЫ

365 рет оқылды15.01.2018

ҮЗДІК ОНДЫҚ: 2017 ЖЫЛДЫҢ ЕҢ КӨП ҚАРАЖАТ ТАПҚАН ФИЛЬМДЕРІ

155 рет оқылды09.01.2018

НҰРЛАН ҚОЯНБАЕВТЫҢ ФИЛЬМІ ӨЗГЕ ЕЛДІҢ ТУЫНДЫЛАРЫН БАСЫП ОЗДЫ

184 рет оқылды05.01.2018

М.ӘУЕЗОВ ТЕАТРЫНЫҢ БАСШЫСЫ ЕРЛАН БІЛӘЛ 1,5 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ПАРАМЕН ҰСТАЛДЫ

149 рет оқылды05.01.2018
Тел.: +7 775 397 16 81;
Email: baistarskz@gmail.com

Copyright © 2014-2016. Baistars.kz. Меншік иесі: «Baikadam Media Group» ЖШС
Сайт материалдарын қолданғанда сілтеме көрсету міндетті
Сайтты жасаған Bugin Group компаниясы