СҰЛУЛЫҚ

Дарина Құлсейітова Қазақстан атынан «Ғалам аруына» қатысады

«Ғалам аруы» сұлулық байқауына Қазақстан атынан Дарина Құлсейітова қатысады.

12 қаңтар күні Манила қаласында (Филиппин) бүкіл әлемнің арулары бас қосып, 65-ші «Ғалам аруы» Халықаралық сұлулық байқауында сынға түседі.

Қазақстандық Дарина Құлсейітова бұған дейін «Семей аруы» атағына қол жеткізіп, «Қазақстан аруы» ұлттық сұлулық байқауының ақтық сынына шыққан. Сонымен қатар халықаралық «World Beauty 2016″, Best Foto Model World Russian Beauty 2015 байқауларына қатысып, “Miss International Vietnam 2014” байқауының бірінші вице-мисі (Халықаралық Fashion House International) атанған.

Дарина Байсейітова атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжінде оқиды. Бос уақытында би билеп, саяхаттағанды ұнатады.

«Ғалам аруы» секілді беледі байқауға Қазақстан атынан қатысу — мәртебе. Әлі күнге сене алар емеспін. Елімізді, халқымыздың мәдениетін, дәстүрін таныстырып, жоғары өнер көрсету үшін барымды саламын», — дейді Дарина Құлсейітова.

Қазақстандық үміткердің дайындығына танымал дизайнерлер Аида Қауменова, Наиль Байкучуков, фотограф Данил Олейник секілді мамандар ат салысуда.

Бұған дейін аталған байқауға ел атынан «Мисс Алматы-2015» Регина Вальтер қатысады деп ақпарат тараған болатын. Алайда Регинаның тұрмыс құруына байланысты жолдама Даринаға бұйырды.

«Ғалам аруы» байқауының 150-ден астам елде тікелей трансляция жүретін финалдық шоуы 2017 жылдың 30 қаңтарында Mall of Asia Arena сахнасында өтеді.

darina-kulsitova-e1484112091722

darina-kulsitova-e1484112159186

darina-kulsitova-e1484112173198

darina-kulsitova-e1484112194780

darina-kulsitova-1-e1484112208581

15535566_376041472740767_3581467292766044160_n

14712351_327061404316289_1836562972508422144_n

14280508_186815655074466_47351457_n

12356527_521516184690282_584749348_n

 

 

Пікір жазыңыз

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

СҰЛУЛЫҚ
506 рет оқылды

Бөлімнің басқа жаңалықтары

ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ ӘЙГІЛІ DOLCE & GABBANA БРЕНДІНІҢ МОДЕЛІ АТАНДЫ

382 рет оқылды02.07.2017

Іштегі артық майдан қалай құтыламыз?

17 727 рет оқылды16.06.2017

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МОДЕЛЬ СҰЛУЛЫҚ БАЙҚАУЫНДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

375 рет оқылды16.04.2017

Ернар Айдар жол апатына ұшырады

1 098 рет оқылды13.04.2017

Жігер Ауыпбаев дертіне шипа іздеп, Түркияға сапар шекті

664 рет оқылды11.04.2017

Мырзахан Маханов ота жасатты

397 рет оқылды06.04.2017
Тел.: +7 775 397 16 81;
Email: baistarskz@gmail.com

Copyright © 2014-2016. Baistars.kz. Меншік иесі: «Baikadam Media Group» ЖШС
Сайт материалдарын қолданғанда сілтеме көрсету міндетті
Сайтты жасаған Bugin Group компаниясы