СҰЛУЛЫҚ

Шоумен Әнуар Нұрпейісов «Қазақстан аруы-2016» қатысушыларын сынап тастады

Қазақстандық танымал шоумен, әнші әрі актер Әнуар Нұрпейісов «Қазақстан аруы-2016» сұлулық байқауының қазылар алқасының мүшесі бола отырып, конкурсқа қатысушыларды сұлулық байқауларынан гөрі білім конкурстарына ден қоюға шақырды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қазақстан аруы-2016» конкурсының сегіз финалисі іріктелгеннен кейін әрбір қатысушыға білімін тексеру үшін жеке-дара сұрақ қойылды. Астаналық ару Елназ Нұрсейітоваға қазылар алқасының мүшесі Әнуар Нұрпейісов сұрақ қойды.

«Елназ, өткен жылы «Қазақстан аруы-2015» байқауының финалын көрген шығарсыз, мен «Сүйікті кітабыңыз қандай?» деген сұрақ қойғанмын. Қатысушы ешқашан кітап оқымағанын айтып, жауап берді. Ең сұмдығы, ол «Қазақстан аруы» атанды. Қызықтың көкесі де осында. Халықтың қалай дауыс бергенін білмеймін, расында. Қазір мен сізге осындай сұрақ қойғым келіп тұр: Сіз тұрмысқа шықтыңыз делік. Бүгін де шығып қаларсыз, кеш емес, — деп әзілдеді шоумен. — Бала босандыңыз делік, тәрбиелеп, өсіресіз. Сосын балаңыз сізден «Анашым, оқитын үш кітаптың атауын айтшы» деп сұрайды».

Елназ өз баласына Әбдіжамал Нұрпейісовтің (бастапқыда қатысушы қыз оны Әнуар Нұрпейісов деп атап қалды) шығармаларын, Абай Құнанбаевтың кітаптарын және Мұхтар Әуезовтің «Абай жолын» оқуға кеңес беретінін айтты.

«Қыздар, сіздердің сұлулық байқауларына қатысуларыңыз, мына фейк-қастарыңыз, фейк-нөмірлеріңіз… Білімге ұмтылыңыздар! Біліммен, іспен жарысыңыздар. Біздің елге керек емес сіздердің мына…» — деп келе жатқан Нұрпейісовті конкурстың жүргізушілері бөліп жіберіп, әңгіменің тақырыбын ауыстыруға тырысты.

«Әнуар эфирге шыққысы келді — Әнуар эфирге шықты», — деді конкурстың жүргізушілерінің бірі Арнұр Ыстыбаев.

Еске салайық, конкурстың финалы кезінде тікелей эфирде екі бірдей үйлену жайлы ұсыныс айтылды. Біріншісі — қостанайлықАйткүл Нұрмановаға конкурстың жүргізушісі Сүндет Байғожин ұсыныс жасаса, екіншісі — белгісіз ер адам өзінің сүйіктісі, павлодарлық Айзат Қожабаеваға ұсыныс жасады.

Ал «Қазақстан аруы-2016» атағын қызылордалық Гүлбану Әзімхан жеңіп алды.

Пікір жазыңыз

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Бөлімнің басқа жаңалықтары

ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ ӘЙГІЛІ DOLCE & GABBANA БРЕНДІНІҢ МОДЕЛІ АТАНДЫ

382 рет оқылды02.07.2017

Іштегі артық майдан қалай құтыламыз?

17 727 рет оқылды16.06.2017

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МОДЕЛЬ СҰЛУЛЫҚ БАЙҚАУЫНДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

375 рет оқылды16.04.2017

Ернар Айдар жол апатына ұшырады

1 098 рет оқылды13.04.2017

Жігер Ауыпбаев дертіне шипа іздеп, Түркияға сапар шекті

664 рет оқылды11.04.2017

Мырзахан Маханов ота жасатты

397 рет оқылды06.04.2017
Тел.: +7 775 397 16 81;
Email: baistarskz@gmail.com

Copyright © 2014-2016. Baistars.kz. Меншік иесі: «Baikadam Media Group» ЖШС
Сайт материалдарын қолданғанда сілтеме көрсету міндетті
Сайтты жасаған Bugin Group компаниясы