Афиша

«Kazsport» телеарнасы комментаторларға кастинг жариялайды

«Kazsport» телеарнасы комментаторларға кастинг өткізбек. Бұл — 2016 жылы өткізілгелі отырған екінші кастинг. Наурыз айында өткен іріктеу сынында «Көкпар» бағдарламасына үміткерлер таңдалған болатын.

Кезекті кастингтің мақсаты – комментаторлар құрамын жаңа есімдермен толықтырып, белгілі бір спорт түрінен репортаж жүргізе алатын сарапшы-мамандар қатарын арттыру.

Бұл жолғы іріктеу сынында:

а) қазақ және орыс тілдерінде велоспорт, бокс, баскетбол, волейбол, хоккей, әртүрлі ережесіз жекпе-жек түрлері мен ұлттық спорттан репортаж жүргізуге үміткерлердің кандидатураларына баса көңіл бөлінеді;

б) қазақ және орыс тілдерінде мәнерлеп сырғанау, көркем гимнастика, жүзу спортын меңгерген үміткер қыздардың кандидатуралары қарастырылады;

в) барлық спорт түрінен хабары бар әмбебап үміткерлердің кандидатуралары қарастырылады.

Кастинг 2016 жылдың 12-13-ші қарашасы күндері Астана қаласы, Московская көшесі 33, «Қазақстан» РТРК АҚ «Kazsport»  телеарнасының ғимаратында өткізіледі.

Уақыты: 12 қараша 16:00

                  13 қараша 11:00

Резюмелерді 10 қараша күнгі кешкі 20:00-ге дейін kazsporttv.kz@mail.ru электронды мекенжайына жіберу қажет.

«Kazsport» телеарнасы үміткерлерден кастингке жауапкершілікпен дайындалып, өздері мен өзгенің уақытын бағалауды сұрайды. Байқауда әрбір үміткерге бірден беске дейінгі спорт түрінде бағын сынауға мүмкіндік беріледі.

Кастинг барысында қолданылатын материалдар:

футбол (Қазақстан чемпионаты);

баскетбол («Астана» БК ВТБ Лигасы);

бокс (Геннадий Головкин, Қанат Ислам, Данияр Елеусінов);

волейбол (Қазақстан чемпионаты);

велоспорт («Тур де Франс»);

ережесіз жекпе-жек (ММА);

хоккей (ҚХЛ «Барыс»);

мәнерлеп сырғанау (Денис Тен, Элизабет Тұрсынбаева);

көркем гимнастика (Сабина Әшірбаева);

ұлттық спорт (көкпар, аударыспақ, қазақша күрес)

Үміткерлердің өзімен бірге жеке куәлігі болуы шарт.

Пікір жазыңыз

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Афиша
116 рет оқылды

Бөлімнің басқа жаңалықтары

АҚСАЙЛЫҚ ЖІГІТТІ ҰЛЫБРИТАНИЯНЫҢ МОДЕЛЬДІК АГЕНТТІГІ ҚЫЗМЕТКЕ ШАҚЫРДЫ

2 рет оқылды17.01.2018

АЙТЫС: АЛТЫН ДОМБЫРА ЖАНДАРБЕК БҰЛҒАҚОВҚА БҰЙЫРДЫ

304 рет оқылды15.12.2017

«ЖАҒАЛАУ» АТТЫ ЖАҢА КӨРКЕМ ФИЛЬМНІҢ ТҮСІРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

13 рет оқылды14.12.2017

«АЛАТАУ» ДӘСТҮРЛІ ӨНЕР ТЕАТРЫНЫҢ АҚЫНДАРЫ ЖЕКПЕ-ЖЕК АЙТЫСЫН ӨТКІЗЕДІ

30 рет оқылды13.12.2017

ҚАЗАҚ ЖІГІТІ БАЙҚАУ БАРЫСЫНДА ТҮРІК ЕЛІН ТӘНТІ ЕТТІ

68 рет оқылды12.12.2017

ШҚО-ДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТЕДІ

57 рет оқылды31.10.2017
Тел.: +7 775 397 16 81;
Email: baistarskz@gmail.com

Copyright © 2014-2016. Baistars.kz. Меншік иесі: «Baikadam Media Group» ЖШС
Сайт материалдарын қолданғанда сілтеме көрсету міндетті
Сайтты жасаған Bugin Group компаниясы