Жаңалықтар

Алматыда танымал гитарист Болат Сыздықовты ақтық сапарға шығарып салды

Бүгін Алматыда өнер сүйер қауым белгілі қазақстандық гитарист, композитор «Мизикола» дуэтінің негізін қалаушы Болат Сыздықовты ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды inform.kz

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында өткен қаралы жиынға Болат Сыздықовтың достары мен әріптестері, эстрада әншілері, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек және басқа да зиялы қауым өкілдері келіп, марқұмның отбасына қайғырып көңіл айтты.

13177234_10154171465039855_1001379333809077307_n

«Мен Болатты өте жақсы көретінмін. Ол жаны жайсаң, ақкөңіл, бірақ шындықты сүйетін тік мінезді жан болатын. Кім біледі, мүмкін осы да оның арамыздан ерте кетуіне себеп болған шығар. Ол соңғы кездері шығармашылық жағынан өзіне көңілі толмай жүрді. Қазақ эстрадасының қазіргі жағдайын қатты уайымдайтын. Ал бұл, нағыз музыканттарға тән қасиет! Ол тамаша музыкант болатын. Кеңес заманы кезінде одаққа танымал эстрадалық оркестрлерде өнер көрсетті. Кейін, «Мюзикола» дуэтін құрды. Бұл Болаттың қазақ эстрадасына сіңірген үлкен үлесі деп білем», — деді өз сөзінде КСРО халық артисі Әлібек Дінішев.

Өз кезегінде әнші, актриса Карина Абдуллина Алматы әкімдігіне, бүгінгі жиналған жұртшылыққа Болат Сыздықовты соңғы сапарға шығарып салуға келіп тұрғандары үшін ризашылығын білдірді.

«Қазақстанның эстрада өнері ауыр қазаға душар болды. Өйткені, Болат керемет музыкант болатын. Гитараны 12 жасында қолына алған ол, сол гитарасын өле-өлгенше қолынан тастамады. Ол бізге үлкен шығармашылық мұра қалдырды. Біз енді оны ұрпақтарға сақтайтын боламыз. Ол мен үшін ең жақын досым болды. Болаттың жалғыз жүргенін көрсе, дос-жарандар: «Карина қайда?», — деп сұрайтын болса, мені көрсе: «Болат қайда? Не істеп жүр?», — деп сұрайтын. Егер Болат болмаса, Қазақстанның эстрадасында Карина Абдуллина да болмас еді. Достар, әдетте нағыз артисті, тамаша музыкантты қол шапалақтап шығарып салады. Сіздерді де Болатты ақтық сапарға қол шапалақтап шығарып салуларыңызды сұраймын», — деді Карина Абдуллина.

Осыдан кейін бүгінгі азалы жиынға келген азаматтар орындарынан тік тұрып, ұзақ уақыт қол шапалақтады.

Айта кетелік, бүгін 13:00-де «Ритц-Палас» мейрамханасында Болат Сыздықовтың рухына бағышталып ас берілді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Пікірлерді оқу (1)

1 пікір

  1. Аноним

    11.05.2016 , 17:52

    Жаны жəннатта.болсын!!!

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Бөлімнің басқа жаңалықтары

ФУТБОЛ: АЛЕКСАНДР БОРОДЮК ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАНЫҢ БАС БАПКЕРІ ҚЫЗМЕТІНЕН КЕТТІ

89 рет оқылды23.01.2018

2018 ЖЫЛҒЫ ОЛИМПИАДАНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ САЙТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

106 рет оқылды23.01.2018

ЕУРОПА ТАМСАНҒАН «ҚЫЗ ЖІБЕКТІ» АСТАНА ЖҰРТШЫЛЫҒЫ ТАМАШАЛАЙ АЛАДЫ

134 рет оқылды12.12.2017

ВИКТОРИЯ БЕКХЭМНЕН КҮЗДІҢ ҮЗДІК 10 СӘН ҮЛГІСІ

173 рет оқылды13.09.2017

ДМИТРИЙ БАЛАНДИН ЕЛ ҚОРЖЫНЫНА УНИВЕРСИАДАНЫҢ ҮШІНШІ МЕДАЛІН САЛДЫ

170 рет оқылды22.08.2017

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АУЫР АТЛЕТШІ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА «АЛТЫН» АЛДЫ

134 рет оқылды27.07.2017
Тел.: +7 775 397 16 81;
Email: baistarskz@gmail.com

Copyright © 2014-2016. Baistars.kz. Меншік иесі: «Baikadam Media Group» ЖШС
Сайт материалдарын қолданғанда сілтеме көрсету міндетті
Сайтты жасаған Bugin Group компаниясы