Спорт

Қанат Ислам Геннадий Головкинмен жұдырықтасуға дайын

Қанат Ислам Геннадий Головкинмен жұдырықтасуға дайын. Бұл туралы қазақстандық кәсіпқой боксер Қанат Исламның промоутері Нельсон Лопес колумбиялық Хуана де Анхеляға қарсы жекпе-жегінің алдында мәлімдеген болатын.

«Қазір Қазақстанда тек Головкин туралы көп айтылады, ал Қанат екінші орында қап қалады. Оның атын мыңдаған адам біледі әрі өз елінде жанкүйерлері де көп. Бізге алдыға жылжуға серпіліс керек, бұл осы жексенбіде болады деп үміттенемін. Головкинсеен кездесу үшін 160-қа дейін көтерілуі керек. Оның жұлдыз болуы уақыттың еншісінде», — дейді Лопес.

Айта кетейік, кәсіби бокстағы кезекті кездесуін колумбиялық Хуан де Анхельмен өткізген Қанат Ислам нокаутпен жеңіске жетті. Жекпе-жектің алтыншы раундында нокдаун алып, есеңгіреп қалған колумбиялық боксшы кездесуді жалғастырудан бас тартты.

«Қазақстан» арнасының тікелей эфирінде көрсетілген жекпе-жектен соң Қанат Ислам жанкүйерлері мен спорттағы қолдаушысы Бауыржан Оспановқа алғыс айтып, «Қазақ елі тыныш болсын» деген тілегін жолдады.
Қанат Ислам осылайша кәсіби бокстағы 21-ші жекпе-жегінде жеңіске жетті. Нокауттар саны — 18. Боксшының жекпе-жегі телеарна арқылы қазақ жанкүйерлеріне алғаш рет көрсетіліп отыр.

Ақпарат: Sports.kz

Пікір жазыңыз

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Бөлімнің басқа жаңалықтары

ҚЫТАЙЛЫҚ ҚАЗАҚ БОКСШЫ IBF ТУРНИРІНДЕ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

11 рет оқылды16.01.2018

САҒАДАТ РАХМАНҚҰЛОВ КӘСІПҚОЙ БОКСТАҒЫ АЛҒАШҚЫ ЖЕКПЕ-ЖЕГІНДЕ АМЕРИКАЛЫҚ БОКСШЫМЕН ЖҰДЫРЫҚТАСАДЫ

9 рет оқылды16.01.2018

«МАНЧЕСТЕР СИТИ» МАУСЫМДА АЛҒАШ РЕТ ҰТЫЛДЫ

5 рет оқылды15.01.2018

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АКТРИСА ДЖИУ-ДЖИТСУДАН ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫСТА ТОП ЖАРДЫ

8 рет оқылды15.01.2018

ЛИОНЕЛЬ МЕССИ ГЕРД МЮЛЛЕРДІҢ РЕКОРДЫН ЖАҢАРТТЫ

12 рет оқылды15.01.2018

«ҰЛТТАР КУБОГЫ»: БОКСШЫ БҰРЫМДЫЛАРЫМЫЗ 1-ШІ ОРЫНҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

5 рет оқылды15.01.2018
Тел.: +7 775 397 16 81;
Email: baistarskz@gmail.com

Copyright © 2014-2016. Baistars.kz. Меншік иесі: «Baikadam Media Group» ЖШС
Сайт материалдарын қолданғанда сілтеме көрсету міндетті
Сайтты жасаған Bugin Group компаниясы