Спорт

Қазақстан құрамасы хоккейден әлем чемпионатында Швейцарияны жеңіп кетті (ВИДЕО)

Әлем чемпионаты — 2016 алғашқы матчында Қазақстан құрамасы буллиттер сериясында Швейцарияны 3:2 есебімен жеңіп кетті, деп жазады sports.kz.

Алғашқы кезеңде Найджел Доус буллитке ие болды, бірақ та оны жүзеге асыра алмады. Кейіннен Свен Андригетто «тоғызға» лақтырып, есеп ашқандай болып еді, алайда төреші нәтижені есепке алмады. Алғашқы шабуылда Самуэль Вальзер тағы да шайба лақтырды. Қарсыластың аздаған артықшылықтарымен алғашқы бөлім аяқталды.

Екінші жиырма минуттікте қазақстандықтар бірнеше ілкімді сәттерде алға шықты. Шайбаны өзінің қызыл сызығынан Роман Савченко асыра лақтырып, есепті теңестірді. Қазақстан үшінші кезеңде тамаша мүмкіндікке ие болды, төрт минуттық сандық артықшылық та дем беріп, Евгений Рымаревтің беруімен Роман Старченко көзге түсті.

Бұдан кейін Максим Худяковтың ойыннан шеттетілуі швейцарлықтардың үміт отын жаққандай болды, Денис Холленштейннің лақтыруынан кейін олар қайратқа мінді. Овертайм ешқандай нәтиже бермеді. Ал буллиттер сериясында Андрей Назаровтың жігіттері дәлірек соққылар жасады.

Ертең 15:15-те қазақстандықтар Ресеймен кездеседі. Тікелей трансляция Kazsport телеарнасынан көрсетіледі.

Әлем чемпионаты — 2016, А тобы, жетінші мамыр

Швейцария — Қазақстан 2:3 Б (1:0, 0:1, 1:1, 0:0, 1:0, 0:1)

Шайбалар:

1:0 — 14:56 Вальзер (Диас, Андригетто).

1:1 — 30:57 Савченко.

1:2 — 50:30 Старченко (Рымарев).

2:2 — 52:01 Холленштайн (дю Буа, Амбюль).

2:3 — 65:00 Доус. Буллит.

Швейцария: Берра — Геринг-дю Буа, Амбюль-Холленштайн-Марчини; Диас-Блум, Нидеррайтер-Мозер-Хас; Вебер-Гроссман, Хофман-Андригетто-Вальзер; Шнебергер, Трахслер-Визер Д.-Визер М.-Валькер;

Қазақстан: Колесник — Семёнов-Трясунов, Доус-Бойд-Боченски; Савченко-Липин, Старченко-Иванов-Рымарев; Корабейников-Лакиза, Краснослободцев-Худяков-Пушкарёв; Лобанов-Қайыров, Паньшин-Соларев-Шин;

Айып: 6:8 (0:0, 0:4, 4:4, 2:0)

Лақтыру: 51:27 (15:9, 22:10, 11:4, 3:3, 0:1)

Жетінші мамыр. Мәскеу. ВТБ Мұз сарайы.

Дереккөз: ИА «Казинформ»

Фото: Vesti.kz

Пікір жазыңыз

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Бөлімнің басқа жаңалықтары

РЕСЕЙЛІК СПОРТШЫНЫҢ ҚАНЫНАН ДОПИНГ ТАБЫЛДЫ

90 рет оқылды19.02.2018

2018 ЖЫЛҒЫ ОЛИМПИАДАНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ САЙТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

106 рет оқылды23.01.2018

САНЧЕС «МАНЧЕСТЕР ЮНАЙТЕДКЕ», МХИТАРЯН «АРСЕНАЛҒА» АУЫСТЫ

94 рет оқылды23.01.2018

GGG АЛҒАШ РЕТ WBN НҰСҚАСЫ БОЙЫНША ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК БОКСШЫСЫ АТАНДЫ

103 рет оқылды22.01.2018

АЛЕКСЕЙ ПОЛТОРАНИН ШАҢҒЫ ЖАРЫСЫНАН ӘЛЕМ КУБОГЫНДА РЕКОРД ОРНАТТЫ

104 рет оқылды22.01.2018

БОКС: МАДИЯР ӘШКЕЕВТІҢ КЕЛЕСІ ҚАРСЫЛАСЫ АНЫҚТАЛДЫ

62 рет оқылды19.01.2018
Тел.: +7 775 397 16 81;
Email: baistarskz@gmail.com

Copyright © 2014-2016. Baistars.kz. Меншік иесі: «Baikadam Media Group» ЖШС
Сайт материалдарын қолданғанда сілтеме көрсету міндетті
Сайтты жасаған Bugin Group компаниясы