Спорт

Лондон жүлдегерлері Рио жолдамасынан қағылды

Стамбулда күрес түрлеріне Рио олимпиадасына соңғы іріктеу жарысы өтіп жатыр. Жолдама тек финалға шыққан екі балуанға беріледі, деп хабарлайды

Грек-рим күресінен 66 келіде дағыстандық легионер Магомед Чухалов алғашында швейцариялық қарсыласын 7:1 есебімен жеңген. Екінші кездесуде тәжік Азизбек Шарифзоданы 8:0 есебімен ұтқан. Алайда франциялық Артак Маргаряннан жеңіліп, жолдамасыз қалды. Чухалов Астанада өткен іріктеуде де лицензияны соңғы сәтте жапон балуанына беріп қойған.85 келіде Лондон олимпиадасының қола жүлдегері Данил Гаджиев (суретте) алғашында кореялық Парк Джин Сунды, грек Дмитрис Цекеридисті оңай жеңген. Ал жартылай финалда грузин Роберт Коблиашвилиден 1:2 есебімен жеңіліп, жолдама иелене алмады. Гаджиев финалға шыққанда өзінің екінші олимпиадасына барар еді. 98 келіде Ерұлан Искаков бірінші кездесуінде-ақ ұтылып қалды.

Грек рим күресінен Риоға 59 келіде Алмат Кебіспаев, 75 келіде Досжан Картиков, 130 келіде Нұрмахан Тінәлиев барады.

Пікір жазыңыз

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Бөлімнің басқа жаңалықтары

ҚЫТАЙЛЫҚ ҚАЗАҚ БОКСШЫ IBF ТУРНИРІНДЕ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

11 рет оқылды16.01.2018

САҒАДАТ РАХМАНҚҰЛОВ КӘСІПҚОЙ БОКСТАҒЫ АЛҒАШҚЫ ЖЕКПЕ-ЖЕГІНДЕ АМЕРИКАЛЫҚ БОКСШЫМЕН ЖҰДЫРЫҚТАСАДЫ

9 рет оқылды16.01.2018

«МАНЧЕСТЕР СИТИ» МАУСЫМДА АЛҒАШ РЕТ ҰТЫЛДЫ

5 рет оқылды15.01.2018

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АКТРИСА ДЖИУ-ДЖИТСУДАН ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫСТА ТОП ЖАРДЫ

8 рет оқылды15.01.2018

ЛИОНЕЛЬ МЕССИ ГЕРД МЮЛЛЕРДІҢ РЕКОРДЫН ЖАҢАРТТЫ

12 рет оқылды15.01.2018

«ҰЛТТАР КУБОГЫ»: БОКСШЫ БҰРЫМДЫЛАРЫМЫЗ 1-ШІ ОРЫНҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

5 рет оқылды15.01.2018
Тел.: +7 775 397 16 81;
Email: baistarskz@gmail.com

Copyright © 2014-2016. Baistars.kz. Меншік иесі: «Baikadam Media Group» ЖШС
Сайт материалдарын қолданғанда сілтеме көрсету міндетті
Сайтты жасаған Bugin Group компаниясы