Афиша

Премьера! Махаббат по расчету

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекетік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының сахнасында премьера!

11 сәуір, 18:30-да режиссер Сұлтан Сраиловтың МАХАББАТ ПО РАСЧЕТУ криминалдық драмасы қойылады. Басты рөлдерде: Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаттары – Асылхан Төлепов, Аян Өтепбергенов, Гүлбаһрам Байбосынова, Дәстен Шәкіров, Динара Абдуллина. Продюсері – Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының иегері Сәбит Әбдіқалықов;

Бір-бірі үшін жанын қия алатын айырылмас достар – бір мезетте серттен тайып кететініне сенер ме едіңіз?!
Демалыстарын саяжайда керемет өткізгісі келген қаланың сауықшыл жастары аяқ астынан шытырманға толы оқиғаға тап боламыз деп ойламады да…
Расында, өмір біз ойлағандай қуанышты сәттерге толы емес, бірақ шыжығы да аз емес. Бір-ақ түнде бүкіл өмірі күрт өзгерген кейіпкерлердің кейінгі тағдыры қалай болмақ?..
Есеппен махаббат құру заманның талабы ма, қоғамның қажеттілігі ме? «Махаббат по расчету» қойылымы сол сұрақтарға жауап іздейді.
Жүректің тап-таза сезімін тәрк етіп, талай шытырман оқиғаларға жетелейтін бұл қойылымды сіздер де көріңіздер! Бірге ойланайық…

2 комментария

2 пікір

  1. Айдын Үркімбай

    12.04.2016 , 17:29

    Кеше бас қосып, осы премьераға барып қайттық. Өте тамаша қойылым. Маған өте ұнады. Барлығы дарынды, білімді, талантты жас әртістерді көре қуандым. Әлі талай белестерді бағындырып және өз ісінің хас шебері боларына сенемін.

  2. Айдын Үркімбай

    12.04.2016 , 17:47

    Кеше бас қосып, осы премьераға барып қайттық. Өте тамаша қойылым. Маған өте ұнады. Барлығы дарынды, білімді, талантты жас әртістерді көре қуандым. Әлі талай белестерді бағындырып және өз ісінің хас шебері боларына сенемін.

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Бөлімнің басқа жаңалықтары

АЛМАТЫДА ҚЫЗДАР АРАСЫНДА БОКСТАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ

120 рет оқылды19.01.2018

АҚСАЙЛЫҚ ЖІГІТТІ ҰЛЫБРИТАНИЯНЫҢ МОДЕЛЬДІК АГЕНТТІГІ ҚЫЗМЕТКЕ ШАҚЫРДЫ

109 рет оқылды17.01.2018

АЙТЫС: АЛТЫН ДОМБЫРА ЖАНДАРБЕК БҰЛҒАҚОВҚА БҰЙЫРДЫ

1 055 рет оқылды15.12.2017

«ЖАҒАЛАУ» АТТЫ ЖАҢА КӨРКЕМ ФИЛЬМНІҢ ТҮСІРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

79 рет оқылды14.12.2017

«АЛАТАУ» ДӘСТҮРЛІ ӨНЕР ТЕАТРЫНЫҢ АҚЫНДАРЫ ЖЕКПЕ-ЖЕК АЙТЫСЫН ӨТКІЗЕДІ

99 рет оқылды13.12.2017

ҚАЗАҚ ЖІГІТІ БАЙҚАУ БАРЫСЫНДА ТҮРІК ЕЛІН ТӘНТІ ЕТТІ

147 рет оқылды12.12.2017
Тел.: +7 775 397 16 81;
Email: baistarskz@gmail.com

Copyright © 2014-2016. Baistars.kz. Меншік иесі: «Baikadam Media Group» ЖШС
Сайт материалдарын қолданғанда сілтеме көрсету міндетті
Сайтты жасаған Bugin Group компаниясы