Жаңалықтар

Жұрт Қанат Әлжаппаровтың «Жұлдызды айтыстағы» өнеріне наразы

Талғат Жанысбай есімді азамат Фейсбук әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында Қанат Әлжаппаровтың шоу-айтыстағы өнеріне наразылығын білдіріп, бейне үндеу жариялады, деп хабарлайды Baistars.kz. «Бүгінде шоу айтыс — сор айтысқа айналды. Жақында шоу айтыс, яғни «Жұлдызды айтыс» тағы да шығыпты. Былтырғы шыққанда Қанат айтыстың абыройын төгіп, қазақ болып домбыра тарта алмауы, ал биыл соны қайталауы — бұл масқара! Егер де Қанаттың ақылы болатын болса, осы айтысқа дайындалып, еш болмаса қолына домбыраны дыңғырлатып, бір-екі нотаны үйреніп алып келетін еді» — деді Талғат Жанысбай.

Талғат Жанысбайды қолдаған азаматтар да көп болды. Бейне үндеудің астына жазылған пікірлер оның сөзін растады.

канат

 

Айта кетейік, «Жұлдызды айтыс» биыл екінші рет ұйымдастырылды. Әншілер мен айтыскерлер айтысатын шоу айтыста биыл Еркін Нұржанов пен Шалқарбай Ақанов оқ бойы озып шығып, 1 млн теңге ұтып алды.

2 комментария

2 пікір

  1. Сауле

    29.03.2016 , 10:37

    Осы Қанатты неге өтірік қолпаштайды?Айнұрдың кейбір адамдар тек Қанат үшін келдік деп жатыр дегені несі?Екі сөздің басын қоса алмайтын есерсоқ адамның үлкен сахнада жынды адамдай өнер көрсеткені мақтаныш па? Қанат өзі мектеп көрген,білімі бар адам ба өзі?

  2. АЙКА

    29.03.2016 , 10:53

    Қанаттың есерсоқ қылықтары мен масқара істерін көріп жиіркеніп отырдым. Әр қылығына намыстанып отырдым. Намысы жоқ екен оның. Оны Бекболат ағамыз «лақпа айтыс» деп айтқан шатпақтарын құптаса, Айнұр вооообще қатырды. Киелі сахнаға сондай киесіз адамдарды шығарып сахнаның киесін кетірмесеңдерші.

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Бөлімнің басқа жаңалықтары

ФУТБОЛ: АЛЕКСАНДР БОРОДЮК ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАНЫҢ БАС БАПКЕРІ ҚЫЗМЕТІНЕН КЕТТІ

103 рет оқылды23.01.2018

2018 ЖЫЛҒЫ ОЛИМПИАДАНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ САЙТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

130 рет оқылды23.01.2018

ЕУРОПА ТАМСАНҒАН «ҚЫЗ ЖІБЕКТІ» АСТАНА ЖҰРТШЫЛЫҒЫ ТАМАШАЛАЙ АЛАДЫ

154 рет оқылды12.12.2017

ВИКТОРИЯ БЕКХЭМНЕН КҮЗДІҢ ҮЗДІК 10 СӘН ҮЛГІСІ

180 рет оқылды13.09.2017

ДМИТРИЙ БАЛАНДИН ЕЛ ҚОРЖЫНЫНА УНИВЕРСИАДАНЫҢ ҮШІНШІ МЕДАЛІН САЛДЫ

180 рет оқылды22.08.2017

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АУЫР АТЛЕТШІ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА «АЛТЫН» АЛДЫ

143 рет оқылды27.07.2017
Тел.: +7 775 397 16 81;
Email: baistarskz@gmail.com

Copyright © 2014-2016. Baistars.kz. Меншік иесі: «Baikadam Media Group» ЖШС
Сайт материалдарын қолданғанда сілтеме көрсету міндетті
Сайтты жасаған Bugin Group компаниясы