Жаңалықтар

Димаш Құдайбергенов «Евровидение» байқауына дайындалып жатыр

Қазақстандық жас әнші Димаш Құдайбергенов «Евровидение» байқауына дайындалып жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаева айтып берді.

«Қазақстан әзірше «Евровидение» байқауына қатыспайды, дегенмен біз өтініш беріп қойдық. Димашты қызу дайындап жатырмыз. Ол біздің университеттің екінші курс студенті. Оның жеңіске жететініне күмәніміз жоқ. Димаш «Славян базары» байқауында жеңімпаз атанып, еуропа елдеріне танымал болды. Ол өте дарынды», — деді Айман Мұсақожаева.

Сонымен қатар, Димаш Құдайбергенов The Voice UK және USA («Ұлыбритания дауысы» және «АҚШ дауысы») байқауларына қатысуды жоспарлап отыр.

Еске салайық, Димаш Құдайбергенов Витебскте өткен «Славян базары-2015» халықаралық байқауында жеңімпаз атанған еді. Ол, сонымен қатар, «Шығыс базары» және «Мейкин Азия» байқауларының Гран-при иегері.

Пікір жазыңыз

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Жаңалықтар
1 286 рет оқылды

Бөлімнің басқа жаңалықтары

ЕУРОПА ТАМСАНҒАН «ҚЫЗ ЖІБЕКТІ» АСТАНА ЖҰРТШЫЛЫҒЫ ТАМАШАЛАЙ АЛАДЫ

46 рет оқылды12.12.2017

ВИКТОРИЯ БЕКХЭМНЕН КҮЗДІҢ ҮЗДІК 10 СӘН ҮЛГІСІ

111 рет оқылды13.09.2017

ДМИТРИЙ БАЛАНДИН ЕЛ ҚОРЖЫНЫНА УНИВЕРСИАДАНЫҢ ҮШІНШІ МЕДАЛІН САЛДЫ

110 рет оқылды22.08.2017

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АУЫР АТЛЕТШІ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА «АЛТЫН» АЛДЫ

88 рет оқылды27.07.2017

СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН ҚЫТАЙЛЫҚТАРҒА ДИМАШ 14 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ КӨМЕК КӨРСЕТТІ

149 рет оқылды04.07.2017

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БОКСШЫ ҚАРСЫЛАСЫН БІРІНШІ РАУНДТА ТІЗЕ БҮКТІРДІ

135 рет оқылды01.07.2017
Тел.: +7 775 397 16 81;
Email: baistarskz@gmail.com

Copyright © 2014-2016. Baistars.kz. Меншік иесі: «Baikadam Media Group» ЖШС
Сайт материалдарын қолданғанда сілтеме көрсету міндетті
Сайтты жасаған Bugin Group компаниясы