Жаңалықтар

«Дайдидау» әнін жарты әлем тыңдайтын болады

«Дайдидау» әнін жарты әлем тыңдайтын болады, — деп хабарлайды «Ақтөбе газеті» басылымы. Әнші Димаш Құдайбергеннің орындауындағы халық әні «Дайдидау» әлемдік радио жүйесіне енгізілді. Енді Димаштың орындауындағы әнді халықаралық радио жүйесіндегі жүздеген елдің тұрғындары тыңдай алады. Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Қанат Айтбаев айтуынша, халықаралық радио өкілдері «Қазақ» радиосына ұсыныспен шығып, қазақ халқының ұлттық болмысын көрсететін ән сұраған.

Ал «Қазақ» радиосының «Алтын қорының» музыкалық редакторы Гауһар Қозыбаева неге Димаш Құдайбергеновтың орындауындағы ән ұсынылғанын былай түсіндіреді: «Бізге хат кеш жеткен болуы керек, әлде бір жерде кідіріп қалды ма, әйтеуір, бұл жақсы хабарды бізге Лев Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінде қызмет етіп жатқан жастар жеткізді. Аталған университетте жұмыс істейтін Ұшқын Сайдрахман деген жігіт халықаралық Евро радиосына бір ән ұсынуымызды сұрады. Оған Малайзиядағы Азия-Тынық мұхиты хабар тарату одағы штаб-квартирасының қызметкері Нұрзада Күмісбек қолқа салыпты. Ұшқын қажетті құжаттарды шет тілінде толтырып, соның көмегімен Димаш Құдайбергеннің орындауындағы халық әні «Дайдидауды» ұсындық. Ән барлық талаптарға сай келген. Әлібек Дінішевтің орындауындағы халық әні «Ақбақайды» ұсыну туралы да пікірлер болды. Дегенмен ойласа келе «Дайдидауды» жіберуді жөн көрдік».

Бұл шара 13 ақпан — Халықаралық радио күніне орай ойластырылып отыр. Бұл күнді тойлау 2011 жылы ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша қабылданған және 2012 жылы алғаш рет атап өтілген. Осы мерекеге байланысты Европа хабар тарату одағы мен Азия Тынық мұхиты хабар тарату одағы биыл халықаралық Евро радиосының арнасында «80 минутта барлық әлем» атты іс-шара ұйымдастырмақ. Бұл шара барысында радио желісінен осы хабар тарату желілеріне мүше елдердің барлығының сол елдің мәдениеті мен болмысынан хабар беретін ұлттық әндері шырқалатын болады. Сол әндер қатарына биыл тұңғыш рет қазақ әні енгізілді: Димаштың орындауындағы «Дайдидау»!

Қанат Айтбаевтың айтуынша, Димаштың орындауындағы бұл ән белгілі аранжировщик Бақытбек Зейнеловтің өңдеуінде жіберілді. Википедия еркін-энциклопедияға сенсек, Европа хабар тарату одағы мүшелігінде Еуропа, Солтүстік Африка және Таяу Шығыстағы 56 елдің 72 компаниясы, ал Азия-Тынық мұхиты хабар тарату одағында Азия-Тынық мұхиты аумағының 57 еліндегі 72 компания бар. Екі одақтың әлеуетті аудиториясы кемінде 4 миллиард адам. Бұл Димаштың орындауындағы қазақтың халық әнін жарты әлем тыңдайды деген сөз.

Айтпақшы, Қанат Айтбаев тағы бір жақсы жаңалықпен бөлісті. Көктемде Димаш Түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық ұйымының мұрындық болуымен АҚШ-тың Вашингтон, Нью-Йорк қалаларында өткізілетін шараларға ресми шақырту алған.

Дереккөз: new.baistars.kz

Пікір жазыңыз

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Жаңалықтар
533 рет оқылды

Бөлімнің басқа жаңалықтары

ЕУРОПА ТАМСАНҒАН «ҚЫЗ ЖІБЕКТІ» АСТАНА ЖҰРТШЫЛЫҒЫ ТАМАШАЛАЙ АЛАДЫ

46 рет оқылды12.12.2017

ВИКТОРИЯ БЕКХЭМНЕН КҮЗДІҢ ҮЗДІК 10 СӘН ҮЛГІСІ

111 рет оқылды13.09.2017

ДМИТРИЙ БАЛАНДИН ЕЛ ҚОРЖЫНЫНА УНИВЕРСИАДАНЫҢ ҮШІНШІ МЕДАЛІН САЛДЫ

110 рет оқылды22.08.2017

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АУЫР АТЛЕТШІ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА «АЛТЫН» АЛДЫ

88 рет оқылды27.07.2017

СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН ҚЫТАЙЛЫҚТАРҒА ДИМАШ 14 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ КӨМЕК КӨРСЕТТІ

149 рет оқылды04.07.2017

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БОКСШЫ ҚАРСЫЛАСЫН БІРІНШІ РАУНДТА ТІЗЕ БҮКТІРДІ

135 рет оқылды01.07.2017
Тел.: +7 775 397 16 81;
Email: baistarskz@gmail.com

Copyright © 2014-2016. Baistars.kz. Меншік иесі: «Baikadam Media Group» ЖШС
Сайт материалдарын қолданғанда сілтеме көрсету міндетті
Сайтты жасаған Bugin Group компаниясы