Көрмелер

Елена Пискунова: «Алғашқы суретті үй қабырғасына салғанмын»

Тауы бар, жасыл желекті керемет қалада суретшілерде түрлі идеялар пайда болады. Оны кез келген адам сезіне бермейтіні хақ. Жандары шығармашылыққа жақын адамдар, әсіресе суретшілер үшін әрбір көріністің өзі ерекше мағынаға ие.

— Елена айтыңызшы, адамдардың шығармашлығына картиналарыңызбен не жеткізесіз?
— Менің картиналарымды көрген адамның ең алдымен көздері жайнап, ашық, жарық түстер әуе кеңістігін сезіндірсе деймін. Менің картиналарымнан өздеріне бір нәрсе алса деген ниеттемін. Қиялымнан өрбіген еңбегімді, менің өнерімді түсінетін адамдар алса деймін.

— Питербургқа жасаған саяхатыңыз қалай өтті?
— О! Әрине, керемет өтті. Мықты суретшілерден сабақ алу бұйырды. Бірнеше галереяға барып, таңғажайып картиналарды көрдім. Ол жақтың суретшілері сатып алушының талғамы қызмет етпейді. Өздерінің жүрек қалауымен салынған сурет міндетті түрде сұранысқа ие екен.

— Шығрмашылық жолыңыз қашан басталды?
— Кішкентай кезімнен бастап қабырғаларға сурет салдым. Бәрі содан басталды. Үйге кіреберісте галерея ұйымдастырып, салған суреттерімізді іліп қоятынмын.

— Қазір шығармашылық кезеңнің алаңына шықтыңыз. Жобадан не күтесіз?
— Мен өз шығармашылығымды адамдарға рахаттана отырып таныстырамын. Бұл көптеген шығармашыл адамдарға жағымды әсер етеді. Содан ойымызға жаңа идеялар келіп, достық шеңберіміз кеңейе түседі.

— Болашақтағы жоспарларыңызбен бөліссеңіз.
— Бірнеше галереямен бірлесіп, менің суреттеріммен жасалған жаңа коллекция құруды көздеп жүрмін. Білімімді шыңдап, шабыттану үшін Питерге тағы барып қайтатын шығармын. Алматылықтар! Сіздерге қуаныш пен сарқылмас күш тілеймін. Табиғат нұрланып, гүлдер өсіп, қаламыз әдеміленіп келеді. Адамдары да, тауы да әдемі. Одан басқа не керек?! Бейбітшілік тілеймін.
американская мечта

Желтые зонтики

Лавандовый бриз

Незыблемое море

Шпионы

Пікір жазыңыз

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Көрмелер
674 рет оқылды

Бөлімнің басқа жаңалықтары

ЛОС-АНДЖЕЛЕС ҚАЛАСЫНДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СУРЕТШІНІҢ ЖЕКЕ КӨРМЕСІНІҢ АШЫЛУЫ ӨТЕДІ

65 рет оқылды18.10.2017

ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ ӘЙГІЛІ DOLCE & GABBANA БРЕНДІНІҢ МОДЕЛІ АТАНДЫ

245 рет оқылды02.07.2017

Тоқтағали Жангелдиннің 100 жылдығына арналған халықаралық ғылыми конференция өтті

166 рет оқылды28.04.2016

«AKIEF — 2016 шет елдерде білім алу» көрмесі

231 рет оқылды27.01.2016

«Ертегінің қайта оралуы» көрмесі

174 рет оқылды19.01.2016

Жаңа-жылдық Almaty Pop-up Store

298 рет оқылды11.12.2015
Тел.: +7 775 397 16 81;
Email: baistarskz@gmail.com

Copyright © 2014-2016. Baistars.kz. Меншік иесі: «Baikadam Media Group» ЖШС
Сайт материалдарын қолданғанда сілтеме көрсету міндетті
Сайтты жасаған Bugin Group компаниясы