Конкурстар

Жаңа жылдық фото-байқау жеңімпазы марапатталды

Кеше 10 ақпан күні 25-30 желтоқсан аралығында  «Жаңа жыл» мерекесіне арнап BaiStars.kz ұжымы мен «АШК» компаниясы біріге отырып ұйымдастырған көліктер фото-байқауының жеңімпазы марапатталды.

 Байқауға барлық өнер, мәдениет, спорт, телевидение және т.б. салада жүрген танымал тұлғаларды (жасына, жынысына қарамастан) осы игі шараға атсалысуға шақырдық. Нәтижесінде байқауға 18 үміткер қатысуға ниет білдірді.

Дауыс беру нәтижесінде Сәкен Майғазиев («МузАРТ» тобының әншісі) 686 дауыс (19%) басымдылықпен 1-орынды алды. Жігер Ауыпбаев (19%) 676 дауыспен 2-орынды иеленді. Ал әнші Тәуекел Мүсілім 446 дауыспен (12%) 3-орынға ие болды.

Байқау жеңімпазын салтанатты түрде марапаттау Алматы қаласында «АШК» компаниясының кеңсесінде өтті. Бағасы 140 000 теңгелік дөңгелек пен дипломды «АШК» компаниясының Алматы қалалық филиалының директоры Талғат Сахов Сәкен Майғазиевке табыс етті.

Алайда Сәкен Майғазиев жеңіп  алған дөңгелектер комплектісін ақын, журналист Бейбіт Сарыбайға сыйлады. «Өзіңді фейсбукта оқып, риза болып жүремін. Сол ризашылығымды білдірейін деп едім», – деп Сәкен Майғазиев Бейбіт Сарыбайға дөңгелектерді табыс етті.

Сонымен қатар,  «АШК» компаниясының директоры Талғат Сахов пен Сәкен Майғазиев BaiStars.kz сайтының ұжымына алғысын білдірді.

Танымал ақын, жазушы, қаламы ұшқыр журналист Бейбіт Шегебайұлы Сарыбай 1983 жылы 3 қаңтарда Алматы облысы Райымбек ауданы Жамбыл ауылында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. «Парасат», «Алматы ақшамы», «Дала мен қала», «Алаш айнасы» сияқты көптеген республикалық басылымдарда және «Қазақ радиосында», «Ел арна» телеканалында қызмет атқарған. Қазір Қазақстан Жазушылар одағы басқармасында балалар және жастар әдебиеті бөлімінде кеңесші. Сонымен қатар, бос уақытында асабалықпен айналысады. «Рауғаш ерте гүлдейді», «Мейірім» кітаптарының авторы. Тек бір қырынан емес, жан-жақты өзін көрсете білген Бейбіт Сарыбай 2013 жылы Алматыдағы 35 жасқа дейінгілер қатарында қазақша жазатын «Үздік фейсбукшы» атанды.

Қазақша контентті дамытуға және отандық бизнес өкілдерін қолдап, байқауға қатысқан барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!

IMG_0716 (1)

  IMG_0719

IMG_0723

IMG_0742

IMG_0729

IMG_0734

IMG_0737

IMG_0748

IMG_0749

Пікір жазыңыз

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Бөлімнің басқа жаңалықтары

«ӘР КҮНГЕ МАХАББАТПЕН» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТЕДІ

93 рет оқылды25.09.2017

ЖАНХОШ ТҰРАРОВТЫҢ РИНГКЕ ҚАНДАЙ ЛАҚАП ЕСІММЕН ШЫҚҚАНЫН ҚАЛАЙСЫЗ?

332 рет оқылды17.06.2017

«АТАМЕКЕН» ФИЛЬМІ МӘСКЕУДІҢ АТАҚТЫ «ТРЕТЬЯКОВ» ГАЛЕРЕЯСЫНДА КӨРСЕТІЛЕДІ

167 рет оқылды25.04.2017

БРЮССЕЛЬДЕ ӨТКЕН БАЙҚАУДА ЖЕТІ ЖАСАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӨНЕР КӨРСЕТТІ

220 рет оқылды23.04.2017

«Kazsport» телеарнасы комментаторларға кастинг жариялайды

165 рет оқылды07.11.2016

Димаш Құдайбергенов «Евровидение» байқауына дайындалып жатыр

1 331 рет оқылды30.01.2016
Тел.: +7 775 397 16 81;
Email: baistarskz@gmail.com

Copyright © 2014-2016. Baistars.kz. Меншік иесі: «Baikadam Media Group» ЖШС
Сайт материалдарын қолданғанда сілтеме көрсету міндетті
Сайтты жасаған Bugin Group компаниясы